Білім

Жедел жәрдем және сенім телефондарын білесіз бе?

Мектеп

Бүгінгі қарқынды дамыған заманда қауіпсіздік пен жедел көмек — әрбір адамның күнделікті өмірінде маңызды рөл атқарады. Күтпеген жағдайлар, денсаулықтың нашарлауы, түрлі апаттар немесе ішкі күйзеліс кез келген сәтте орын алуы мүмкін. Мұндайда жедел көмекке жүгіну өмірді сақтап қалудың, ал сенім телефондарына хабарласу жандүниеге тыныштық табудың жолы.

Жедел көмек көрсету қызметтері мен сенім желілері қоғамның жанашырлық пен қамқорлыққа толы тұстарын көрсетеді. Біз оларды қажет кезде қолдансақ өз өміріміз бен жақындарымыздың өмірін қорғауға үлкен үлес қосамыз.

Осы тақырыпқа сәйкес №30 қазақ орта мектебінің 9 «Ә» сыныбында «Жедел жәрдем нөмірлері және сенім телефондары» тақырыбында қауіпсіздік сағаты өткізілді. Оқушылар белсенділік танытып, түрлі шұғыл жағдайларда қандай нөмірлерге хабарласу қажет екенін білді. Қауіпсіздік сағатының мақсаты — жедел жәрдем, өрт сөндіру, полиция және басқа да қызметтердің нөмірлерін еске сақтап, сенім телефондарының маңызын түсіну. Оқушылар шұғыл жағдайларда дұрыс әрекет ету жолдарын үйреніп, өз өмірлері мен айналасындағы адамдардың қауіпсіздігі үшін маңызды ақпарат алды.

 Нәзира ҚАЗЫБАЕВА,

№30 қазақ орта мектебінің мұғалімі.

Ақтөбе қаласы.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button