Денсаулық

Адам папилломасы вирусынан сақтан!

Маман кеңесі

Бұл — теріні және дененің әртүрлі бөліктерінің шырышты қабықтарын зақымдайтын вирустар тобы. Ол қандай қауіп төндіреді?

Вирус жылдам таралуға қабілетті, қатерлі ісікті өзгеруге әкелетін қоздырғышқа айнала отырып, соның салдарынан, қатерлі ісікті дамытуымен қауіпті. Жыл сайын Қазақстанда жатыр мойны обырының 1900-ге жуық жаңа жағдайы тіркеледі, 600-ден астам әйел бір жылда осы патологиядан көз жұмады. Біздің елімізде жатыр мойны обыры — барлық жастағы әйелдер арасында сүт безінің обырынан кейінгі кең таралған обырдың екінші түрі болып табылады.

АПВ вирусы адамнан адамға тұрмыстық жанасу жолымен, қол алысу, сүйісу, терідегі зақымданулар арқылы берілуі мүмкін. Вирус ылғалды ортада тез таралады, сондықтан қоғамдық орындарға — сауналарға, моншаларға, спорт залдарына, дәретханаларға, бассейндерге барғанда өзіңізді ұқыпты ұстағаныңыз дұрыс.

Вирус анадан сәбиге оның босануы жолдарымен өту кезінде беріледі. Сүйелдер көбіне нәрестелерде өмірінің алғашқы жылдарында ауызда немесе теріде пайда болады.

Бүгінде бұл вирустың алдын алудың бірден бір әдісі — вакцинация. Жатыр мойны обырының дамуына әйелдің осы инфекцияны жұқтыруы себеп болатыны ғылыми дәлелденген.

Адам папилломасы вирусына қарсы вакцина он бес жылдан астам уақыт бойы пайдаланылады және Өзбекстан, Қырғызстан, Түркіменстанды қоса алғанда, дүниежүзінің 135 мемлекетінде жасалынады.

Бұл вирусқа қарсы вакцинаны мектептерде немесе тіркелген мекенжайы бойынша емханаларда екпе кабинеттері арқылы тегін алуға болады.Вакцинация қарсы көрсетілімдер болмаса, дәрігердің қарап тексеруінен кейін ата-аналарының немесе қамқоршыларының ақпараттандырылған келісімімен жүргізіледі. Вакцинация қарсы көрсетілімдер болмаса, дәрігердің қарап тексеруінен кейін алты ай аралықпен екі рет жүргізіледі.

АПВ-ға қарсы вакцина әйелдердің репродуктивтік қызметіне ықпал етпейді және бедеулікке әкеп соғуы еш мүмкін емес, ол әлемнің дамыған елдерінде көп жылдық клиникалық зерттеулер нәтижесінде дәлелденген.

Вакцина салғаннан кейін инъекция орнының ауырсынуы, қызаруы немесе ісінуі, бас ауыру немесе болмашы қызба сияқты ағзаның жеңіл түрдегі реакциясы болуы мүмкін. Олар, әдетте, бірнеше сағаттан бір күнге дейін созылады.

Нұрбақыт ЖҰМАҒАЛИЕВА,

Ақтөбе қалалық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының бас маманы.

 

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button