Жастар

Қаржылық сауаттылық пен қауіпсіздік

Өнер орталығында Ақтөбе облысы бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаментінің өкілдері жоғары оқу орындарының студенттеріне қаржылық сауаттылықпен қауіпсіздікті насихаттау мақсатында семинар өткізді.

Әуелі аталған департаменттің бастығы Қуат Әбдіханов қаржылық сауаттылықтың маңызын атап өтті. Сондай-ақ ол биыл Астана қаласында Қаржылық мониторинг агенттігінің ұйымдастыруымен қаржылық қауіпсіздік бойынша Ұлттық олимпиада өтетінін атап өтті.

— Цифрлық технологиялар қарқынды дамып жатқан қазіргі заманда ақпаратты қорғау, ақшаны жылыстатуға және қаржылық қылмыстарға қарсы іс-қимыл жасау мәселелері өзекті болып отыр. Сондықтан да қаржылық қауіпсіздік бойынша өтетін Ұлттық олимпиада — жай ғана байқау емес, бұл өзіңізді көрсетуге, ерекше тәжірибе алуға және кәсіби жолды бастауға тамаша мүмкіндік, — деді Қуат Әбдіханов.

Семинар-тренингте Ақтөбе облысы бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаментінің ұйымдастыру-бақылау басқармасының бастығы Жадан Бисембин

қаржылық мониторинг жүйесі қалай жұмыс істейтінін, қандай қаржылық алаяқтық түрлері бар екенін слайдпен сүйемелдеп әңгімеледі. Сондай-ақ студенттерге дроп

перлер мен қаржылық пирамидалардан қалай қорғану керектігі түсіндірілді.

Ал аталған департаменттің тергеу бөлімінің тергеушісі Руслан Бекназаров тұрғындар егер қандай да бір ұйымға капитал, инвестиция енгізгісі келсе, оның қаржылық пирамидаға қатысы бар-жоғын қаржылық мониторинг агенттігінің телеграм-бот каналы арқылы анықтауға болатынын айтты.

СеминардыҒ.Жұбанова атындағы облыстық филармонияның әншілері Шәкір Әкімжанов, Гүлхан Бөрібасова әнмен әрледі.

Тренинг барысында ойындар ойнатылып, сұраққа жауап бергендерге сыйлықтар табысталды.

Айнұр ІЛИЯСҚЫЗЫ.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button