Экономика

Биыл облысқа 155,5 млрд теңге инвестиция тартылды

Инвестиция

Облыс әкімі Асхат Шахаровтың төрағалығымен өткен жиында өңірге инвестиция тарту және 2025 жылғажоспарланған инвестициялық жобаларды іске асыру барысы қаралды.

Өңір басшысы инвестициялық жобаларды жүзеге асыру алдымен облыстың экономикалық дамуы үшінмаңызды екенін атап өтті. Сонымен қатар жаңа жұмыс орындарын ашу, озық технологиялар мен инновацияларды енгізу, өндіріс көлемінұлғайту және бейінді басқармалар, инвесторлармен барлық мүдделі тараптардың алдында тұрған жалпы өңірлік өнімнің өсуі жөніндегі міндеттерді белгіледі.

Сондай-ақ облыс әкімі бұл бағыттағы жұмыс Премьер-Министрдің тұрақты бақылауында екенін атап өтті. Осы мақсатта кеңеске Үкімет Аппаратының өңірлік инспекторы Арсен Латыпов арнайы қатысты.

Жиында облыстық индустриялық-инновациялық даму басқармасының басшысы Досжан Әлібеков биыл іске асырылуға тиіс инвестициялар мен инвестициялық жобалар бойынша көрсеткіштерге, сондай-ақ арнайы экономикалық аймаққұру жөніндегі жұмыстарға тоқталды.

2025 жылдың I тоқсанының қорытындысы бойынша облыста негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі — 155,5 млрд теңге. Бұл өткен жылдардағы көрсеткіштерден едәуір артық. Қазақстан Республикасының инвестициялық саясатының 2029 жылға дейінгі тұжырымдамасына сәйкес облысқа негізгі капиталға салынған инвестициялар бойынша жоспар 1,6 трлн теңге көлемінде бекітілді.

Былтыр шетелдік инвестициялардың жалпы мөлшері 435,7 миллион доллар болса, оның негізгі бөлігі өңдеу және тау-кен өнеркәсібі мен саудаға бағытталған. Сондай-ақ аймақта 3,3 трлн теңгеге 74 инвестициялық жоба іскеасырылуда, нәтижесінде 13,2 мыңға жуық жұмыс орны құрылады. 2025 жылы жалпы құны 460 млрд теңгеге 10 жаңа жобаны іске қосу жоспарланыпотыр, нәтижесінде бір мыңнан астамжаңа жұмыс орны ашылады.

Басқарма басшысы өңірге айтарлықтай экономикалық және әлеуметтік артықшылықтар әкелетін жобаларға ерекше мән берді. Олардың қатарында рельстерді дәнекерлеу зауыты, «Лиманное» кен орнын игеру, «Қазақстан Тәуелсіздігіне 10 жыл»шахтасы мен қой жүнін қайта өңдеу жобасы, «Хромтау-1» жел электрстанциясын салу және т.б. бірқатар жобалар бар.

Отырыста «Ақтөбе» арнайы экономикалық аймағын құру мәселесіне айрықша көңіл бөлінді. Досжан Әлібеков қазіргі уақытта инженерлік желілерді жүргізу схемалары әзірленгенін және әкімдіктің 100 пайыз қатысуымен басқарушы компанияны құруға келісім алынғанын жеткізді. Бұл компания жер учаскелерін жалға беру, инфрақұрылым салу, инвестициялартарту және сервистік қызметтер көрсетумен айналысады.

Сонымен қатар «QazIndustry» АҚ-мен ынтымақтастық мәселелері және инвестициялық жобалар үшін жер учаскелерін беру және инвесторлардыңинженерлік инфрақұрылымғашығындарын өтеу секілді Үкіметтің жаңа шараларын енгізу пысықталуда.

Облыс әкімі барлық жоспарланған жобаның жүзеге асырылу барысына тұрақты мониторинг жүргізуді тапсырды. Индустриялық-инновациялық даму, кәсіпкерлік, ауыл шаруашылығыбасқармалары басшыларына «Атамекен»палатасымен бірлесіп, жаңа жобаларүшін бағыттарды айқындау мақсатындаөңірдің тұтыну және өндіріс теңгерімінәзірлеуді тапсырды. Сондай-ақ жер қойнауын пайдаланушылардың сатыпалу жоспарларына егжей-тегжейталдау жүргізу қажеттігін баса айтты.

— Мемлекет басшысы өз сөзінде елімізді шикізатқа тәуелділіктен арылту қажеттігін атап өтіп, экономиканың, инновациялар мен технологиялардың өңдеуші салаларын дамытуға баса назар аударды. Осыған байланысты жаңа технологиялық және өндірістік жобаларды іске асыру үшін инвестициялар тарту маңызды.

Ақтөбеде — арнайыэкономикалық аймақ, ал Хромтау ауданында индустриялық аймаққұрылды. Осы аймақтарда іскеасырылатын жобалар үшін жеңілдікқарастырылады. Біздің өңір минералдарға бай: көмір, газ, мұнай, әктас, күміс, мырыш және басқа металдар өндіріледі. Бұл ресурстар — тау-кен және металлургия өнеркәсібін дамытудың негізі. Агроөнеркәсіптік сектордың да әлеуетізор. Ол ауыл шаруашылығы өнімдерінөндіруге және өңдеуге инвестициялартарту үшін мүмкіндік береді. Тек осы бағыттағы жұмысты тиімді үйлестіруді жолға қою қажет. Сондай-ақ инвестициялық жобалардың сәттіжүзеге асырылуын қамтамасыз ету үшін серіктестерімізбен, соның ішінде мемлекеттік органдармен және жеке инвесторлармен белсенді жұмыс істеуіміз керек. Бұл бағыттағы жұмыс тұрақты бақылауда болады. Басқармалардың басшыларына, сондай-ақ жеке сектор өкілдеріне бастама көтеруді, инвестициялар ағынын қамтитын нақты шараларды әзірлеу және енгізуді тапсырамын. Біз облыс экономикасын дамытып, бизнес үшін қолайлы жағдай жасауға тиіспіз, тұрақты экономикалық өсуге, азаматтарымыздың өмір сүру сапасын жақсартуға мүмкіндік беретін инвестициялар тартамыз,—  деді облыс әкімі.

Д.ҚАЗИХАН.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button