«Таза Қазақстан»

18 500 көшет егіледі

5 сәуірден бастап Ақтөбе қаласы мен облыс аудандарында ауқымды көгалдандыру экологиялық науқаны басталды. «Таза Қазақстан» акциясы аясында барлық аудан жаппай ағаш отырғызу жұмыстарына кірісті.

Сәуір айының алғашқы демалыс күндерінде-ақ өңірімізде 3605 ағаш отырғызылды. Олардың қатарында жергілікті климатқа бейімделген қарағаш, терек, емен, шаған, үйеңкі және басқа да ағаш түрлері бар.

Бүгінге дейін ең көп ағаш Ойыл ауданында отырғызылды. Олардың саны — 1000 көшет. Ақтөбе қаласында — 760, ал Ырғыз және Мұғалжар аудандарында — әрқайсысында 700, Шалқар ауданында — 350, Қобда ауданында 95 көшет егілді.

20–21 сәуір күндері облыс аумағында жалпыреспубликалық ағаш отырғызу күні өтеді. Бұл шара аясында 18 500 тал егу көзделіп отыр.

Көгалдандыру, санитарлық тазалық және абаттандыру жұмыстарына арналған екіайлық шарасы аясында Ақтөбе қаласының Алматы ауданында белсенді жұмыстар жүргізілуде. Аудан әкімі Рүстем Өтешовтің айтуынша, ауданға қарасты 43 тұрғын алаптың тұрғындары сенбілікке шығып, саябақтар мен аулаларды тазалап, өз аумақтарын көгалдандыруда.

Өткен демалыста ұйымдастырылған Есет батыр шағын ауданындағы ағаш отырғызу акциясына жастар мен аудан тұрғындары белсене қатысып, 70 ағаш отырғызды.

Ал Астана ауданы Алтын Орда шағын ауданының Ораз Тәтеұлы көшесіне белсенділер 700 түп тал екті.

Жалпы, көктемгі және күзгі маусымда 168 000 көшет отырғызу жоспарланған.

Аталған көгалдандыру науқанының басты мақсаты — экологиялық жағдайды жақсарту.

Д.АЙДАР.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button