Экономика

Былтыр Ақтөбе өңірінің экономикасында айтарлықтай өсім байқалды

Ақтөбе облысы экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының мәліметінше, өңір экономикасы соңғы жылдары тұрақты өсім көрсетіп келеді. Жалпы ішкі өнімнің шамамен 35%-ын өнеркәсіп саласы қамтамасыз етіп, өңір экономикасының негізгі тірегіне айналып отыр. Бұған қоса, сауда (14,1%), көлік және қоймалау (7,9%), құрылыс (6,5%) және ауыл шаруашылығы (4,4%) да айтарлықтай үлес қосуда.

Экономиканы әртараптандыру мақсатында өңдеу өнеркәсібін дамытуға ерекше көңіл бөлінді. Бұл салада жыл қорытындысы бойынша өнім көлемінің 10%-ға өсуі қамтамасыз етілді. Осындай нәтижелердің арқасында біздің облыс өңдеу өнеркәсібі бойынша еліміздегі алдыңғы бес өңірдің қатарына енді.

Көлік және қоймалау саласында да оң динамика байқалады – көрсетілген қызмет көлемі өткен жылмен салыстырғанда 59 млрд теңгеге артқан. Бұл логистикалық инфрақұрылымның дамып келе жатқанын білдіреді.

Сондай-ақ, облыстың ішкі тауар айналымы 2,2 трлн теңгеге жетіп, 2023 жылмен салыстырғанда 11%-ға артқан. Бұл өңірдегі кәсіпкерлік белсенділіктің жоғары екенін көрсетеді.

Н.ДАБЫЛ.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button