Экономика

Инвестиция тарту және инвестициялық жобалардың іскеасырылу барысы өңір басшысының қатаң бақылауында

Облыс әкімі Асхат Шахаровтың төрағалығымен өткен жиында өңірге инвестиция тарту және 2025 жылға жоспарланған инвестициялық жобаларды іске асыру жұмыстары қаралды.

Өңір басшысы инвестициялық жобаларды жүзеге асыру алдымен облыстың экономикалық дамуы үшін маңызды екенін атап өттіСонымен қатар жаңа жұмыс орындарын ашуозық технологиялар мен инновацияларды енгізуөндіріс көлемін ұлғайту және бейінді басқармаларинвесторлармен барлық мүдделітараптардың алдында тұрған жалпы өңірлік өнімнің өсуі жөніндегі міндеттерді белгіледі.

Сондай-ақаймақ басшысы бұл бағыттағы жұмыс Премьер-Министрдің тұрақты бақылауында екенін атап өтті. Осы мақсатта кеңеске Үкімет Аппаратының өңірлік инспекторы Арсен Латыпов арнайы қатысты.

Өз сөзінде Индустриялықинновациялық даму басқармасының басшысы Досжан Әлібеков 2025 жылы іске асырылуы тиіс инвестициялар мен инвестициялық жобалар бойынша көрсеткіштергесондай-ақ арнайы экономикалық аймақ құру жөніндегі жағдайларға тоқталды.

2025 жылдың I тоқсанының қорытындысы бойынша негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 155,5 млрд теңгені құрады, бұл өткен жылдардағы көрсеткіштерден едәуір артық. Қазақстан Республикасының инвестициялық саясатының 2029 жылға дейінгі тұжырымдамасына сәйкес облысқа негізгі капиталға салынған инвестициялар бойынша жоспар 1,6 трлн теңге көлемінде бекітілді.

2024 жылы өңірге тікелей шетелдік инвестициялардың жалпы ағыны 435,7 миллион долларды құрады, оның негізгі бөлігі өңдеу және тау-кен өнеркәсібі мен саудаға бағытталған.

Бұдан бөлек, аймақта 3,3 трлн теңгеге 74 инвестициялық жоба іскеасырылуданәтижесінде 13,2 мыңға жуық жұмыс орны құрылады. 2025 жылы жалпы құны 460 млрд теңгенің 10 жаңа жобасын іске қосу жоспарланыпотыр, оның негізінде 1 мыңнан астам жаңа жұмыс орны ашылады деп күтілуде.  

Спикер өңірге айтарлықтай экономикалық және әлеуметтік артықшылықтар әкелетін жобаларға ерекше мән берді. Олардың қатарында рельстерді дәнекерлеу зауыты, «Лиманное» кен орнын игеру«Қазақстан Тәуелсіздігіне 10 жыл» шахтасы мен қой жүнін қайта өңдеу жобасы«Хромтау 1» жел электр станциясын салу және өзге де бірқатар жобалар бар.

«Ақтөбе» АЭА құру мәселесіне айырықша көңіл бөлінді. Досжан Әлібеков қазіргі уақытта инженерлік желілерді жүргізу схемалары әзірленгенін және әкімдіктің 100% қатысуымен басқарушы компанияны құруға келісім алынғанын жеткізді. Бұл компания жер учаскелерін жалға беру, инфрақұрылым салу, инвестициялар тарту және сервистік қызметтер көрсетумен айналысады.

Бұдан өзгеKazIndustry-мен ынтымақтастық мәселелері және инвестициялық жобалар үшін жер учаскелерін беру және инвесторлардың инженерлік инфрақұрылымға шығындарын өтеу секілді Үкіметтің жаңа шараларын енгізу пысықталуда.

Облыс әкімі барлық жоспарланған жобалардың жүзеге асырылу барысына тұрақты мониторинг орнатуды тапсырдыИндустриялықинновациялық даму, кәсіпкерлік, ауыл шаруашылығы басқармаларына «Атамекен» палатасымен бірлесіп жаңа жобаларүшін бағыттарды айқындау мақсатында өңірдің тұтыну және өндіріс теңгерімінәзірлеуді тапсырдыСондай-ақ жер қойнауын пайдаланушылардың сатып алу жоспарларына егжей-тегжейлі талдау жүргізу қажет.

«Мемлекет басшысы өз сөзінде Қазақстанды шикізатқа тәуелділіктен арылту қажеттігін атап өтіпэкономиканыңинновациялар мен технологиялардың өңдеуші салаларындамытуға баса назар аударды. Осыған байланысты жаңа технологиялық және өндірістік жобаларды іске асыру үшін инвестициялар тарту маңызды.

Ақтөбе қаласында Арнайы экономикалық аймақ, ал Хромтау ауданында Индустриялық аймақ құрылды. Осы аймақтарда іске асырылатын жобалар үшін жеңілдік қараладыБіздің аймақ минералдарға бай өңір: көмір, газ, мұнайәктаскүмісмырыш және басқа металдар. Бұл ресурстар – тау-кен және металлургия өнеркәсібін дамытудың негізіАгроөнеркәсіптік сектордың да әлеуеті зор. Ол ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіруге және өңдеуге инвестициялар тарту үшін мүмкіндіктер ашады. Тек осы бағыттағы жұмысты тиімді үйлестіруді жолға қою қажет.

Инвестициялық жобалардың сәтті жүзеге асырылуын қамтамасыз ету үшін серіктестерімізбенсоның ішінде мемлекеттік органдармен және жеке инвесторлармен белсенді жұмыс істеуіміз керек. Бұл бағыттағы жұмыс тұрақты бақылауда боладыБасқармалардың жауапты басшыларынасондай-ақ жеке сектор өкілдеріне бастама көтерудіинвестициялар ағынын қамтитын нақты шараларды әзірлеу және енгізуді тапсырамынБіз облыс экономикасын қолдауды және дамытуды жалғастырамыз, бизнес үшін қолайлы жағдайлар жасаймыз және тұрақты экономикалық өсугеазаматтарымыздың өмір сүру сапасын жақсартуға мүмкіндік беретін инвестициялар тартамыз», – деп түйіндеді өз сөзін облыс әкімі.

А.ІЛИЯС.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button