Білім

Ақын мұрасын оқыған қырық бес оқушы

Абай-180

Хлебодар орта мектебінде «Біртұтас тәрбие» және «Балалар кітапханасы» жобалары аясында ұлы ақын Абай Құнанбаевтың 180 жылдығына орай «Абай даналығы — халық мұрасы» тақырыбында сайыс өткізілді.

Сайыстың ашылу салтанатында мектеп директоры Арман Жарекин: «Абай — барлық қазақ халқының мақтанышы ғана емес, ұлттың намысы. Абайды оқымаған, сөзін көңіліне тоқымаған, тым құрыса бір өлеңін жатқа білмейтін оқушы болмауға тиіс», — деп, қатысушы оқушыларға сәттілік тіледі.

Төрт бағыттан тұратын сайысқа барлығы 45 оқушы қатысып, өнерлерін ортаға салды. «Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін» бағытында сайыскерлер арасында мәнерлеп оқу шеберлігімен көзге түскен  6-сынып оқушысы Ербол Ғабитов бас жүлдеге ие болды.

«Әнніңде естісі бар, есері бар» бағытында орындаушылар арасында әнді нақышына келтіре орындаған 6-сынып оқушысы Аягөз Есен топ жарды.

«Абай айтқан асыл сөз» бағытында ақынның қарасөздерін жатқа оқыған 8-сынып оқушысы Кәусар Қойшан жеңімпаз атанды.

«Абай әлемі» ақын портретін әдемілеп салған 10-сынып оқушысы Нұрмұқан Ұлықпан бас жүлдені иеленді.

Төрт кезеңнің де жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне дипломдар мен Алғыс хаттар табысталды.

Абай Құнанбаевтың шығармашылығын жас ұрпаққа насихаттау мақсатында өткізілген сайысты ұйымдастыруға ауылдық Мәдениет үйі директоры Гүлмира Тәжібай мен мектеп тәлімгері Динара Қыдырова атсалысты.

Айгүл ҚАБАҚБАЕВА,

Хлебодар орта мектебі кітапханасының меңгерушісі.

Мәртөк ауданы.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button