Білім

Ақтөбелік ұстаздар топ жарды

Астанада «Оқу және математикалық сауаттылық: табысты синергия» атты республикалық мега жоба өтті. Елімізде тұңғыш рет өткізілген жобаны Оқу-ағарту министрлігі мен «Зерделі» ақыл-ой дамыту мектебі ұйымдастырған.

Сайысқа еліміздің түкпір-түкпірінен жүздеген мұғалім қатысты. Қазақ тілі мен әдебиеті және математика пәні мұғалімдері қатысқан білім додасына Ақтөбе облысынан 10 ұстаз аттанған болатын.
Оның ішінде Aqbobek Lyceum, Aqbobek International School, М.Құсайынов атындағы Ақтөбе облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған лицей-интернаты, Байғанин ауданының Т.Жармағамбетов атындағы орта мектебі, Темір ауданының Шұбарқұдық гимназиясы, Ақтөбе қаласындағы №8, №56 орта мектептер, №51 гимназия, А.Байтұрсынұлы атындағы лингвистикалық мектеп-гимназия, Назарбаев Зияткерлік мектебінің мұғалімдері бар. Бесеуі — қазақ тілі мен әдебиеті, бесеуі — математика пәні мұғалімдері.
Сайыс ережесі бойынша бірінші кезеңде екі мұғалім бір жұпқа бірікті. Осылайша еліміздің әр түкпірінен келген жүз жұптың арасында ақтөбелік мұғалімдер бір бас жүлде, екі екінші орынға ие болды. Ал бес турдан тұрған жалпыкомандалық сайыста жерлестеріміз финалға өтіп, жүлделі үшінші орын алды.

М.ТАБЫН.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button