ЖеңісМәдениет

Қайсар қыз Әлияның ерлігіне арналған тұңғыш қойылым сахналанады

Кеңес Одағының батыры Әлия Молдағұлованың 100 жылдығына орай, мерген қыздың ерлігі мен өмірі алғаш рет музыкалық пьеса болып өрілмек.

7 мамырда көрерменге жол тартатын мюзикльде Әлияның жарқын бейнесі жан-жақты жеткізіледі. Қойылымдағы ерекше образдың бірі – «Ажал» кейіпкері. Батырдың тағдырымен бетпе-бет келіп, оның рухын сынау арқылы көрсетіледі.

Тарихи биографиялық көріністе қаршадай қыздың қайсарлығы мен Отанға деген өшпес махаббаты драмалық тартыстармен беріліп, әсерлі диалогтар арқылы жеткізіледі.

Жаңа мюзиклдің қоюшы режиссері – Есләм Нұртазин. Әлияның рөлін Ажар Жәрденбекқызы және Фатима Бердібекова сомдайды.

А.ІЛИЯС.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button