Білім

«Робот-лаборант» ойлап тапты

Дарын

Шалқар қаласындағы №3 орта мектептің 9-сынып оқушылары Сисенбай Арсен мен Айдарбек Мирас білім беру саласына үлкен жаңалық енгізді. Олар мұғалімдер мен оқушыларға зертханалық жұмыстарды орындауға көмектесетін «Робот-лаборант»жобасын ойлап тапты.

Бұл ерекше құрылғы физика және информатика сабақтарында зертханалық, практикалық жұмыстарды жеңілдетіп, оқу процесін тиімді ұйымдастыруға мүмкіндік береді. «Робот-лаборант» қажетті құрал-жабдықтарды анықтап, робототехника сабақтарында қандай бөлшектер керектігін айтып, қауіпсіздік ережелерін түсіндіреді.

Жас өнертапқыштар құрылғыны C++ бағдарламалау тілінде жасап, Arduino микроконтроллері негізінде іске асырды. Remote XY платформасы арқылы ұялы телефоннан басқару жүйесі құрылды, ал Tinkercad көмегімен электрондық схемалар жасалды.

Бұл құрылғы оқушылардың робототехника мен бағдарламалауға қызығушылығын арттырады, мұғалімдерге зертханалық жұмысты ұйымдастыруды жеңілдетеді, оқушылар өз бетінше жұмыс істеуге дағдыланып, инженерлік мамандықтарға деген қызығушылық күшейеді.

Жас өнертапқыштар бұл жобаны ары қарай жетілдіріп, болашақта оқу үдерісін автоматтандыруды мақсат етіп отыр.

Дария АБДУЛЛИНА.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button