Пікір

Ономастика — халықтың тарихы

Нұрдәулет АЛДАШЕВ,
халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының
Ақтөбе қалалық филиалының төрағасы

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық құрылтайдың IV отырысында сөйлеген сөзінде ономастика саласына айрықша тоқталып, осы саланы ретке келтіру үшін ауқымдық жұмыстардың басталғанын атап айтты. Президент өз сөзінде: «Көшелер мен елді мекендерге атау беруде немесе атауларды өзгерту мәселесіне келгенде жергілікті атқарушы органдар көп қателік жіберген, бұл ретте жерлестік пен тамыр-таныстыққа жол берілген», — деді. Сондай-ақ жекеменшік нысандарға атау берілгенде де жүгенсіздік болмауы керектігі айтылды.
Қазіргі қоғам үшін ерекше маңызға ие мақсаттың бірі — халықтың рухын және оның өзегі боп саналатын мәдениетін жаңғырту. Құрылтайда Мемлекет басшысы ұлттық бірегейлікті нығайту жолында мәдениет саласының айрықша рөл атқаратынына тоқталды. «Мәдениет дегеніміз — жай ғана ғимараттар мен мекемелер емес. Бұл ұлттық сана-сезімді жаһандық ауқымда нығайта түсетін мықты тұғыр», — деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Ұлт пен тіл, ұлт пен мәдениет сабақтастығын қарастыратын үрдіс жаңа сапаға көтерілу қажеттігін түсінеміз. Соның ішінде тарихи этникалық үрдісті сипаттайтын рухани-тарихи ақпарат көзінің бірі — ономастика жүйесін жетілдірудің маңызы зор. Бұл, расында, идеологиялық жұмыстың ажырамас бөлігі ретінде үнемі назарда болуға тиіс мәселе.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button