АуылДенсаулық

Екі ауылда медициналық пункт ашылды

Ұлттық жоба

Мұғалжар ауданы Батпақкөл ауылдық округіне қарасты Саға және Қожасай ауылдарында жаңа стандарттық үлгідегі медициналық пункттер ашылды.

Жаңа нысандар Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен жүзеге асырылып жатқан «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында салынды.

Бір күн ішінде екі ауылда өткен медициналық пункттердің ашылу салтанатына Мұғалжар ауданының әкімі Дархан Ермағанбетов, облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Мұратжан Қажығалиев қатысып, ауыл тұрғындарын қуанышымен құттықтады.

Бүгінгі таңда Саға ауылындағы97 үйде — 507 тұрғын, ал Қожасай ауылындағы 49 үйде 274 тұрғын тұрады. Ауылдардың әлеуетін арттыру мақсатында бой көтерген медициналық нысандарда тұрғындардың сапалы ем алуы үшін барлық жағдай жасалыпты. Екі медпункт те заманауи медициналық құралдармен және  қажетті жаңа жиһаздармен жабдықталған.

Сағадағы жаңадан пайдалануға берілген медициналық пункттің құрылыс жұмыстарын «Бәбек құрылыс» ЖШС жүргізсе, Қожасайдағы жаңа нысанды «Техно-С» ЖШС салыпты.

Айнұр ІЛИЯСҚЫЗЫ.

 

 

 

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button