Әдебиет
Өлмейтін шығарма

Оқырман бенефисі
Көрнекті қазақ жазушысы Әзілхан Нұршайықовтың «Махаббат, қызық мол жылдар» кітабының жарық көргеніне — 55 жыл. Осыған орай Пригород тұрғын үй алабындағы №9 модельді кітапхана №65 жалпы білім беретін орта мектеп кітапханасымен бірлесе «Сезімге сапар шегейік» оқырман бенефисін өткізді.
Шарада жазушының шығармасы туралы ой бөлісіп, сұрақ-жауап ойындары ұйымдастырылды. Үлкен экранда алдын ала жүргізілген қысқаша сауалнама бейнеролигі көрсетіліп, махаббат тақырыбындағы өлеңдер оқылды.
Мұндағы мақсат — қазақ шығармаларын насихаттап, жастарымыздың бойына мейірімділік пен адамгершілік сезімдерін қалыптастыру.
Ән мен жыр айтылған кеш жиналғандарға айрықша әсер қалдырды.
Ләйла ЛЕСОВА,
кітапханашы.