Адал азамат —Адал еңбек

Еңбек ерлері

Жабай БАЛИМАНОВ (1893-1966)

1893 жылы Ақтөбе облысы Темір ауданы Қарақамыс ауылында туған. Өзбек КСР Бұхара облысы Тамды ауданындағы «Ақтау» ұжымшарының аға шопаны болды. Социалистік Еңбек Ері атағын екі рет алған (1951,1958). Ж.Балиманов Ташкент теміржолында, орман шаруашылығында (1920-1922) жұмыс істеді. 1933-1963 жылдары «Ақтау» колхозының аға шопаны болды. 1963 жылы дербес зейнеткерлікке шықты. Ол әр 100 саулықтан 1957 жылы 132 қозыдан алды Мемлекетке өткізген қаракөл елтірісінің сорты 1957 жылы — 94 пайыз, 1963 жылы 89,2 пайыз болды. 4-сайланған Өзбек КСР Жоғарғы Кеңесінің депутаты болып, үш рет Ленин орденімен және басқа екі орден, медальдармен марапатталды. Қазір «Ақтау» ұжымшары, ондағы орта мектеп, Ташкент пен Бұхара қалаларындағы көшелер Ж.Балимановтың есімімен аталады.

Әмірхан БАРЫСБАЕВ (1896-1982)

1896 жылы Торғай облысы Ырғыз уезі Кенжеқара болысының №5 ауылында туған. Социалистік Еңбек Ері (1948). Ұлы Отан соғысына қатысқан. 1933-1958 жылдары «Коминтерн» ұжымшарында бақташы, бригадир, ферма меңгерушісі, бірқатар ұжымшарда басқарманың төрағасы болды. Екі рет Ленин орденімен, «Еңбектегі ерлігі үшін», «1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы ерлік еңбегі үшін» медальдарымен марапатталған.

 

 

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button