Адал азамат —Адал еңбекЖұмысшы мамандықтары жылы

Рустамның табыс жолы

Жылдамдық пен автоматтандыру дәстүрлі құндылықтарды жиі ығыстырып жатқан тұста, шын ықыласпен, асқан төзімділікпен жұмыс істеп жүрген жандар бар. Солардың бірі — Рустам Айниязов. Ол небәрі екі айдың ішінде нағыз нан пісіру ісінің шеберіне айналды.

Рустам бұл кәсіпке дейін қоғамдық тамақтану саласында бірнеше жыл әкімші болып еңбек еткен. Аспаздық әлемі оған бұрыннан таныс болса да, наубайшы болу мүлде жаңа жолдың бастауы еді. Бастапқыда тәжірибесі болмаса да, оның тәртібі, шығармашылыққа бейімдігі мен сапалы әрі дәмді өнім жасауға деген шынайы ықыласы өз жемісін берді. Бүгінде ол «Bagetto»атты шағын кафе-наубайханада еңбек етіп, күн сайын келушілерге табиғи ашытқымен дайындалатын 20 түрлі нан ұсынады.

Рустам күн сайын қарапайым ингредиенттерден нағыз өнер туындыларын жасап, наубайхананың табалдырығын аттаған әр адамға жылылық пен жайлылық сыйлайды. Ашық асүйде кез келген келуші нанның қалай пісіп жатқанын көріп, нағыз шебердің қолынан туған сиқырды сезіне алады.

Алайда Рустам мұныменшектеліпқалмайды. Оләрдайымжаңарецепттеройлаптауып, түрліұнтүрлеріменжәнедәмдіқоспаларментәжірибежасап, қонақтардытаңғалдыруғатырысады. Оныңнаубайшылыққадегенқұштарлығы тек әріптестерінғанаемес, күндедәмдінаніздепкелетінжандарды да шабыттандырады.

Рустамның айтуынша, бүгінденаубайханасаласындабіліктімамандаржетіспейді. «Аспаздық  — жайғанакәсіпемес, адамдарғақуаныш пен дәмсыйлайтын, ерекшеәріұмытылмасөнімдержасайтынмамандық», — дейді кейіпкеріміз.

Рустам — жай ғана дәмді нан пісіретін маман емес, ол жастарды қалаған мамандықтарын таңдауға ынталандырып жүрген жан.

Арайлым ҚЫДЫРБАЙҚЫЗЫ.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button