Білім

Алғашқы ұстазым

Мектеп

 Ұстаз— ұлыесім. Ұстаз— тек білім мен тәрбиеберуші ғана емес, халықтың рухани тірегі, еліміздің,ұлтымыздың жарқын болашағының сенімі, қоғамның шамшырағы.

Менің алғашқы ұстазым — бастауыш сынып мұғалімі Зейнет Көшекбаева. Ол тек әріп пен сан үйретіп қана қоймай, адамгершілік, адалдық, еңбекқорлық сияқты қасиеттерді бойымызға сіңірді.Зейнет апай әрдайым оқушыларын қолдап, оларға білгенін үйретіп, әр балаға көңіл бөліп, оқуға, білімді болуға жетелеп отыратын. Сондай-ақ ұстазым әр баланың болашағына сенді. Шәкірттеріне жақсы білім беру үшін барын салып, қажет болса, сабаққа қосымша уақыт бөліп, бізбен жеке айналысты.

Ұстазымыз патриоттық тәрбиеге көп көңіл бөлді. Ол бізге еліміздің тарихы, батыр бабаларымыздың ерлігі туралы әсерлі әңгімелер айтып,түрлі ашық сабақтар өткізді. Жерімізді сүюге, ата-бабаларымыздың ерлігін құрметтеуге үйретті.Қазір Зейнет Балғалиқызының оқушылары түрлі салаларда еңбек етіп,білім алып жүр.

Бастауыштың алғашқы оқу жылдары әлі есімде.Зейнет апайдың маған қалам  ұстатып, жазғызғаны, оқуды,әріптерді тануды үйреткені — балалық шақтың жылы естеліктері болып қала береді.Қазір алғашқы ұстазымныңбілімге деген құштарлығымды ашқанына мың алғыс айтамын. Ол кісінің берген білімі мен тәрбиесі менің тұлғалық болмысымды көрсетіп,болашақ азығым болып келе жатыр.

Нағыз ұстаз — тек білім беретін адам емес, өз шәкірттерінің жүрегінде мәңгілік із қалдыратын жан. Зейнет Көшекбаева сияқты мұғалімдер — елдің мақтанышы, ұлт болашағының алтын діңгегі.

Талап АЗАМАТ,

Қаныш Сәтбаев атындағы орта мектеп-лицейінің 10 «Б» сынып оқушысы.

Ақтөбе қаласы.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button