Кішкентай мақтаныштарымыз

Мектеп
Мұғалім сабақты әрбір оқушының жеке ерекшеліктерін, қабілеті мен бейімділіктерін, оқумен еңбекке ынталылығын ескере отырып,оқу үрдісін жоғары жүргізілуіне көбірек көңіл бөледі. Жаңа технологиялардың әдіс-тәсілдерін сабақта және сыныптан тыс жұмыстарда үнемі түрлендіріп, тиімді пайдалану — оқушылардың жан-жақты қабілетін дамытудың бірден-бір жолы. Оқушыға бастауыш сыныптардан бастап шығармашылық жұмыстарды орындатып, ойлануға, логикалық тапсырмалардың шешімін дұрыс және тез таба білуге, қалыптан тыс шешімдер қабылдай алуға, практикалық әрекеттерге дайын болуға бағыттай білу керек.
Пән мұғалімдері мен сынып жетекшілері әр баламен жекелей айналысып, білім бәйгесіне тыңғылықты дайындайды. Ал оқушылар жеңісі — мектебіміздің мақтанышы, ата-ананың қуанышы.
Ақтөбе қаласындағы №78 мектеп-гимназиясында «Алтын сақа», «Кішкентай білгірлер», «Бастау» бәйгелері жыл сайын өткізіледі. Биыл«Зерделі» оқу орталығы ұйымдастыратын олимпиадаға мектебіміздің 2-4 сынып оқушылары түгелдей қатысып,әрбір оқушы математика пәні бойынша білімдері мен логикалық тапсырмаларды орындау деңгейлерімен сынға түсті. Мұнда 2-сыныптар арасында Қаракөз Орақ, Алуа Ақберген, 3-сыныптар арасында Санжар Дүйсенбай,4-сыныптар бойынша Мамай Амандық, МуслимаДосбек, Абдурахман Абдулла ең жоғары балл жинап, 50 пайыз жеңілдіктің сертификаттарына және сыйлықтарға ие болды.
«Кішкентай білгірлер» облыстық интеллектуалдық олимпиадасының қалалық кезеңдерінде де оқушыларымыз жақсы нәтижеге қол жеткізді. 4-сыныптар арасында «Дарын»командасы құрылып, Айымгүл Арынғазинаның жетекшілігімен бәйгеде бақтарын сынап, қала мектептерінің арасынан ІІ орыннан көрінді. Капитандар сайысында да 4-сынып оқушысы ІІ орынға ие болды.
Республикалық математикалық «Алтын сақа» олимпиадасының қалалық кезеңінде І орынға 3-сынып оқушысыБаянды Бекболат, 4-сынып оқушысы Мамай Амандық, ІІ орынға 4-сынып оқушысы Исламбек Алиев, ІІІ орынға 3-сынып оқушысы Айбар Тілекқабылов ие болды.
Сонымен қатар мектептегі бастауыш сынып оқушылары республикалық «Зерде» атты шығармашылық жобалар мен зерттеу жұмыстары байқауының қалалық кезеңіне қатысып, 2-сынып оқушысы Миржан Серік (сынып жетекшісі Құндыз Берекетова) ІІ орын иеленсе, 3-сынып оқушысы Аянат Таякова (сынып жетекшісі Райхан Тыныштық) ІІІ орын иеленді.
Мұның бәрі — осындай нәтижелі жұмыстарға қолдау көрсетіп отырған директордың бейіндік оқыту жөніндегі орынбасары Самиға Жакеева және де сапалы сабақ беретін сынып жетекшілерінің тынымсыз еңбектерінің нәтижесі.Мектебімізде білімді де жан-жақты тәрбиелі шәкірттеріміз көптеп шығатынына сенімдіміз.Сапалы оқыту және саналы тәрбие берудің кілті — ұстаздың қолында.
Шамшия Қосниязова,
№78 мектеп-гимназиясының
бастауыш сынып мұғалімі.
Ақтөбе қаласы.