ПОЭЗИЯ ПЫРАҒЫ

Колледж
Ақтөбе көлік,байланыс және жаңа технологиялар колледжінде «Қадыр Мырза Әлі — 90 жыл: Қазақ поэзиясының пырағы» атты танымдық сағаты өтті. Іс-шара «Мамандықтар апталығы» аясында ұйымдастырылды.
Мақсаты — оқушылардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру, жастарды елін сүюге тәрбиелеу.
Танымдық кеште оқушылар мен оқытушылар Қадыр Мырза Әлінің әдеби сыни кітаптарын оқып, пікір алмасып, өлеңдерін жатқа айтты.
Тақырыпқа сай кітап көрмесі жасақталып, ақынның суреттері және қылқалам мен құтыдағы сия қойылды. Қаламгердің өмірі мен шығармашылығы туралы бейнеролик көрсетілді.
Жастар караокемен «Өз Елім», «Тамды аруы» секілді әндерін шырқады.
Кеш қонақтары кітап көрмесімен танысып, өздерінің ізгі тілектерін қағаз бетіне қылқаламмен түсірді. Танымдық сағат кітапхана меңгерушісі Н.Жолдасова мен арнайы пән оқытушысы Ш.Жалғасбаеваның жетекшілігімен өтті.
Алма КӨШЕРБАЕВА,
Ақтөбе көлік,байланыс және жаңа технологиялар колледжінің арнайы пән оқытушысы.



