Ауыл
Мұғалжар ауданының бір ауылында фельдшерлік-акушерлік пункт ашылды

Алғыс айту күні мерекесіне орай, Мұғалжар ауданының Құмжарған ауылдық округіне қарасты Бірлік ауылында фельдшерлік-акушерлік пункт пайдалануға берілді.

Медициналық мекеменің құрылысын «Техно-С» ЖШС 2024 жылдың шілде айында «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында бастады.
Медициналық пункт 20 келушіге арналған. Заман талабына сай құрал-жабдықтармен жабдықталған.

Ғимараттың ашылу салтанатына Мұғалжар ауданының әкімі Дархан Ермағанбетов, Ақтөбе облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Мұратжан Кажгалиев қатысып, ауыл тұрғындарын қуаныштарымен құттықтады.

Айтып өтейік, Бірлік ауылы – былтырғы су тасқынында зардап шеккен елді мекендердің бірі. Бүгінде мұнда 168 тұрғын үйде 853 адам тұрады.



