Әдебиет

Мұзбалақ ақынға арналды

Поэзия кеші

«Көп оқыған қария» жобасы аясында облыстық зағиптар және нашар көретін азаматтардың арнаулы кітапханасында қазақтың мұзбалақ ақыны Мұқағали Мақатаевтың шығармашылығына арналған «Қазақ поэзиясының Хан тәңірі» атты поэзия кешіөтті.

Шараға кітапхананың тұрақты оқырмандары мен Ақтөбе жоғары гуманитарлық колледжінің, №5 орта мектептің оқушылары мен ұстаздары қатысты.

Кеште Мұқағали Мақатаевтың шығармашылығына арналған «Мұқағали—мәңгілік ғұмыр» атты кітап көрмесі оқырмандарға таныстырылды. Ақынның өмір жолы, өскен ортасы, шығармашылығы жайында бейнежазбалар көрсетіліп, өз даусымен жазылған өлеңдер тыңдалды.

Кітапхана оқырмандары мен оқушылар ақынның «Ана, сен бақыттысың», «Әке», «Ей, өмір», «Отан»,«Қара өлең», «Ғашықпын» өлеңдерін мәнерлеп оқыды. «Біз білетін Мұқағали» айдарында оқырмандар ақын өміріне қатысты тың деректерден толық мәлімет алды.

Сондай-ақ шарада Ақтөбе гуманитарлық колледжінің оқушылары ақынның сөзіне жазылған «Бақыт деген», «Саржайлау», «Сенің көзің», «Отыздан асып барамын», «Мен деп ойла», «Есіңе мені алғайсың» әндерінжанды дауыста шырқады. «Өз-өзіңді жақсы көр» өлеңі терме түрінде орындалып, жиналған көпшілікке ерекше әсер етті.

Шара соңында белсенділік танытқан оқырмандарға кітапхана директоры Қ.Раймбаеваның атынан Алғыс хаттар табысталды.

Құндыз ҚОНЫСБАЙ,

Облыстық зағиптар және нашар көретін азаматтардың

 арнаулы кітапханасының қызметкері.

Ақтөбе қаласы.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button