Жаңа кітап жарыққа шықты

Тұсаукесер
С.Бәйішев атындағы облыстық әмбебап-ғылыми кітапханасының «Қаламгер» әдеби қонақжайында Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, елімізге белгілі ақын-драматург, Ойыл ауданының құрметті азаматы Нұрлыбек Қалаудың «Тереңдегі толқындар» кітабының таныстырылымы өтті.
Ойыл ауданының Саралжын ауылында туған бала Нұрлыбек төрт жасында өлең жазып, тоғыз жасында топқа түсіп, таныла бастайды. Оның алғашқы өлеңдері республикалық «Қазақстан пионері» газетіне жарияланғанда мектеп директоры Абдулла Қожақов: «Біздің мектебімізденақын шықты!», — деп сүйіншілегені бекер емес екен. Ат жалын тартып мінген шағында республикалық ақындар айтысында өзінің талантын дәлелдеп, бас бәйгені талай ретқанжығасына байлағанын ел ұмыта қойған жоқ. Бүгінде облысымызда айтыс ақындар мектебін қалыптастырған Нұрлыбек Амандәулетұлының жарыққа шығып тұрған алтыншы кітабы. Ақынның әдеби кешіне зиялы қауым өкілдері мен жырын сүйіп оқитын оқырмандары қатысты. Кітапхана қызметкерлері кеш сценариін өзгеше етіп өткізді, яғнионың шығармашылығына ден қойылыпты.Іс-шарада ақын шығармасына талдау жасалып, өлеңдері оқылып, әндері шырқалды.Өмірде бірге жүрген үзеңгілес досы, филология ғылымдарының докторы, профессор Жұманазар Асан: «Мен Нұрлыбекпен института бірге оқыдым, бір жатақханада тұрдық. Ол кезде мен де өлең жазып жүрген едім. Нұрекеңнің менен мықты екенін байқап, өлең жазуды қойып кеттім», — деп досының поэзиядағы орнын айшықтап бергендей болды.Кеш барысында облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқарма басшысы Алтынай Юнисовамен Қазақстан Жазушылар одағының Ақтөбе облысындағы өкілі Бауыржан Құрманқұлов ақынға шапан жауып, құрмет көрсеті.
— Құрметті менің бауырларым, ақындық құдайдан берілсе, ғылыми жұмыс еңбекпен келеді. Алдарыңызда сөз сөйлеп тұрғаным, талай жылғы еңбегімнің жемісі деп білемін. Бүгін менің кешіме қолдау білдіріп келгендеріңізге риясыз алғысайтамын!», — деді Нұрлыбек Қалау.
Кеш соңы естелік суретке түсу және қолтаңба алумен жалғасын тапты.
Т.БҰРХАНҰЛЫ.