Білім

Саусақпен сөйлеу тілін тегін үйретеді

Курс

Өңірде есту қабілеті бұзылған балалардың ата-аналарына, волонтерлерге, жұмыссыздар мен қаладағы қоғамдық, мемлекеттік мекеме қызметкерлеріне ымдау тілін оқытатын «Саусақтар сөйлейді» тегін курсы ұйымдастырылды.

Елімізде мүгедектігі бар азаматтарды қолдауға, қоғаммен еркін араласуға бағытталған түрлі жобалар жүзеге асып келеді. Сондай жобалардың бірі — есту қабілеті бұзылған балалардың отбасын қолдау мақсатында, ым-ишара тілін меңгергісі келетіндерге арналған курс. Тегін курс қазақ және орыс тілдерінде бір ай көлемінде өтеді.

Былтыр ғана жұмысын бастаған жобаға қатысушылардың қатары көп. Сондай-ақ халыққа қызмет көрсету орталығының қызметкерлері,облыстық «Мансап» орталығының мамандары, жұмыспен қамту, құқық     қорғау, медицина қызметкерлері, коррекциялық балабақшалар мен есту қабілеті бұзылған балалармен жұмыс істейтін ұстаздар кез келген адам ым-ишара тілін меңгеруі керек екенін айтады. Өйткені есту қабілеті бұзылған азаматтар қоғамға еркін бейімделуі, сапалы қызмет алуы үшін ымдау тілін меңгерудің маңыздылығы жоғары. Қатысушылар үшін сабақтар онлайн, офлайн форматта өткізіледі.

«Саусақтар сөйлейді» ым-ишара  курсын тәжірибелі сурдопедагогтер, психолог және логопед мамандар оқытады. Курсты аяқтаған соң сертификаттар табысталады.  «Саусақтар сөйлейді» ым-ишара  курсына жазылу үшін  колл орталықтың 8-702-313-15-72 нөміріне хабарласып, ақпарат алуға болады.

С.НҰРМАҒАМБЕТОВА,

«Саусақтар сөйлейді» ым-ишара  курсының жетекшісі.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button