Жастар

«Еріктілер мектебі» және нәтижелі бастамалар

Облыста «Еріктілер мектебі» жобасын іске асыру жоспарлануда. Бұл  жоба 10 мыңға жуық жас пен жасөспірімдерді волонтерлік қызметке тартуға мүмкіндік береді.

Облыс әкімінің төрағалығымен өткен аппарат мәжілісі барысында өңірде мемлекеттік жастар саясатын іске асыру мәселесі мен 2025 жылға арналған жоспарлар талқыланды.

Жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Мирхан Ермағанбетовтің айтуынша, 2024 жылы мемлекеттік жастар саясаты аясында жұмысқа орналасуға жәрдемдесу, жастар ұйымдарын қолдау және құқықбұзушылықтардың алдын алу жөніндегі жұмыстар жүргізілген және бірнеше бастама жүзеге асырылған. Осы мақсатқа жергілікті бюджеттен 744,2 млн теңге бөлініпті.

Маңызды жетістіктердің бірі — NEET санатына жататын жастар үлесінің 6,5 пайызға төмендеуі. Бұл — жастарды жұмысқа орналастыру және оларды мемлекеттік бағдарламаларға тарту жөніндегі белсенді жұмыстың нәтижесі. Бос орындар жәрмеңкелері мен «Жасыл ел» бағдарламасы аясында 2000-нан астам адамды жұмысқа орналастыруға мүмкіндік берді, ал 2025 жылы 3200 адамды қамту жоспарлануда.

Биыл алғаш рет іске асырылуы жоспарланған оқушылар мен студенттер арасында өзін-өзі басқаруды дамыту және қолдау жөніндегі жоба жастардың көшбасшылық қасиеттерін қалыптастыру үшін маңызды қадам болмақ. Осылайша студенттік парламент, мүдделер клубтарын құру, сондай-ақ оқушылар арасында құқықбұзушылықтар мен діни экстремизмдердің алдын алуға бағытталған іс-шаралар өткізу жоспарда.

Жастарға арналған тұрғын үй саласында 2024 жылы «Aqtobe Jastary» бағдарламасының екінші кезеңі өткізілді, оның аясында 70-тен астам адам баспана алады, ал 2025 жылы бағдарламаның үшінші кезеңі жалғасын табады.

Әлеуметтік табыстың жарқын мысалдарының бірі — еріктілер ұйымдары белсенді дамып келе жатқан «Aqtobe Qaiyrymdy Meken» жобасы. 2024 жылдың қорытындысы бойынша Ақтөбе облысы «Ең мейірімді аймақ» республикалық номинациясын алды, бұл волонтерлік және қайырымдылық саласындағы табысты жұмыстың дәлелі болды.

— Біз еріктілер қозғалыстарына белсенді қатысатын және аймақтың дамуына зор үлес қосатын жастарымызды мақтан тұтамыз. Жастардың ерікті және әлеуметтік бастамалар аясында өздерінің ең жақсы көрсетуі үшін барлық жағдай жасауды жалғастырамыз, — деді облыс әкімі.

А.МӘЛІКҚЫЗЫ.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button