Пікір

Жасанды интеллектті дамыту өзімізге пайдалы

Темірлан ЖОЛДЫБАЙ,

«Eco Madeniet» волонтерлар қозғалысының жетекшісі.

Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметтің кеңейтілген отырысында сөйлеген сөзінде бірқатар өзекті мәселеге тоқталды. Оның ішінде жасанды интеллект  технологиясын қарқынды дамыту керектігін, бұл елдің болашағы үшін өте маңызды екенін айтты. Қазіргі заманда жасанды интеллект өміріміздің бір бөлшегіне айналды.  Егер дамыған елдермен қатар жүруді көздесек, осы салаға көбірек көңіл бөлу керек деп есептеймін.

Мысалы, ЖИ-ді «Smart City» жобасына енгізу жаңа технологияларды экологиялық бастамаларға біріктіруге тамаша мүмкіндік берері сөзсіз. Ақтөбедегі «Eco Madeniet» волонтерлар қозғалысының негізін қалаушы ретінде экологиялық мәдениетті халық арасында тез қалыптастыруға, экологияны жақсарту және эко-акциялардың тиімділігін арттыру үшін де ЖИ-ді пайдалана аламыз деп санаймын. Бұндай технологиялар мен бастамалар тек цифрландыруға ғана емес, сонымен қатар тұрақты дамуға ықпал етеді.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button