Еңбек ерлері

Байзолла АЛДИЯРОВ (1924-1990)
1924 жылы Ақтөбе губерниясы Ақтөбе уезі, кейін Новоресей ауданы Бұлақ ауылында туған. Механизатор. Социалистік Еңбек Ері (1957). 1936-1958 жылдары Қызылжар
МТС-ында, кейін Киров атындағы ұжымшарда комбайнер, механик, МТС меңгерушісі болды. Егіншілік мәдениетін көтеріп, астық бастыруда үлкен жетістікке жеткен. 1956 жылы Мәскеудегі Бүкілодақтық халық шаруашылығы жетістіктері көрмесіне қатысты Ленин орденімен, «Тың жерлерді игергені үшін» медалімен марапатталған.
Бозша АЛТАЕВ (1898-1984)
1898 жылы Торғай облысы Ырғыз уезі №15 ауылда туған. Шопан. Социалистік Еңбек Еpi (1949). 1930-1960 жылдары «Ортақшыл» ұжымшарында (1950 жылы «Жаңа дәуір» ұжымшары, 1954 жылы «Северный» кеңшары болып қайта құрылды) аға шопан болды. 1945-1947 жылдары әр жүз саулықтан 119-127-ден қозы алып, аман сақтады. Ленин, Еңбек Қызыл Ту ордендерімен марапатталған. 1956 жылы «Қазақ КСР еңбек сіңірген мал шаруашылығы шебері» атағы берілген.