Жақсылық жасап жарысайық!

Колледж
Елімізде биыл «Жұмысшы мамандықтары жылы» деп жарияланды. Бұл бастама жұмысшы мамандықтарының мәртебесін арттыруға, жастарды осы салаға тартуға және еңбек нарығында сұранысқа ие мамандықтар бойынша білікті кадрларды даярлауға бағытталған.
Президент Қасым-ЖомартТоқаев өз сөзінде: «Біз жұмысшы мамандықтарын дәріптеу арқылы қоғамд аеңбекқор және нағыз маман болу идеясын насихаттаймыз! Адал әрі табанды еңбегімен табысқа жеткен адамдар қашанда құрметті, сыйлы болуы керек. Бір сөзбен айтқанда, біздің қоғамда еңбекқорлық, кәсібилік сияқты қасиеттер өте жоғары бағалануға тиіс. Өз кәсібін жетік меңгерген мамандар ұлт сапасын арттырады. Жұмыстың жаманы жоқ, кез келген еңбек —қадірлі!» — деген еді.
Осы орайда Ақтөбе өнеркәсіптік технологиялар колледжінің еріктілер тобы күннің суығына қарамастан адал еңбек етіп жүрген, қарапайым жұмысшы аға-апаларымызға ыстық шай мен бауырсақ таратты.
Сондай-ақ оқушылар ардагер ұстаз, зейнеткер Жұпар Қапановнаның үйіне барып, аула ішін қардан тазалады. «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» демекші, оқушылар игі іс жасау арқылы үлкеннің батасын алып, алғысына бөленді. Мұндай игі шаралар колледжде әрдайым ұйымдастырылады.
Сағыныш ОРЫНБАЕВА, Ақтөбе өнеркәсіптік технологиялар колледжінің жастар ісі жөніндегі инспекторы.