Білім

Бала құқығы және қолдау

Мектеп

Мемлекеттің ертеңі — жас ұрпақ. Былтыр бала құқын қорғау саласында заң қабылданды.Онда балалардың жағдайын жақсарту, әсіресе әлеуметтік қолдау мен балалардың қауіпсіздігін күшейту көзделген.

Осы орайда білім беру саласында қыруар шаруа атқарылып жатыр. Әр білім ордасында жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға бірінші кезекте қолдау көрсетіледі.Оқушылар мәселесі ата-аналармен, мемлекеттік орган, мемлекеттік ұйымдармен бірлесе шешіледі. Бұл бағытта облыстық білім басқармасы мен қалалық білім бөлімі қолдау көрсетеді.

Бала — біздің болашағымыз. Оларға физикалық, эмоционалдық тұрғыда күш көрсетуге ешкімнің қақысы жоқ. Оы ретте мектеп мұғалімдері де бала құқығы бұзылмас үшін өз міндеттерін толық атқаруға тырысады. Ал балаға келер қауіптің алдын алуда, ең алдымен, отбасының маңызы зор. Баланы дұрыс жолға бағыттау — ата-ананың міндеті. Себебі үйдегі тәрбие баланың іс-әрекетіне әсер етеді. Сондықтан бала құқығын қорғауға қоғам болып атсалысуымыз керек.

Айсұлу СЕКСЕНБАЙҚЫЗЫ,

Ақтөбе қаласындағы №10 мектептің мұғалімі.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button