Адал азамат —Адал еңбек

Өндірістің өзегі — оператор

Ақтөбе мыс компаниясының байыту комбинатында өндірістік процестердің барлығы автоматтандырылған. Руданы ұсақтау, оны іріктеп-сұрыптау, флотацияға жіберу,алынған концентратты сүзгіден өткізумұның бәрі заманауи технологиялардың көмегімен жүзеге асады. Жабдықтардың жұмысын қадағалап, басқарып отырған операторларөндірістің өзегі. Солардың бірі—көп жылдық тәжірибесі бар Лариса Белякова.

Биыл Металлургтер күні қарсаңында облысәкімі Асхат Шахаров бірқатар кәсіпорынның қызметкерлерін Мемлекет басшысының атынан мемлекеттік наградалармен марапаттады. Осы кезде марапатталғандардың бірі — «Ақтөбе мыс компаниясы» ЖШС байыту комбинатының операторы Лариса Белякова. Ол «Ерен еңбегі үшін» медаліне ие болды. Кейіпкеріміздің айтуынша, мемлекеттік марапат —  еңбек жолына берілген жоғары баға болды.

Лариса Белякова Ақтөбе мыс компаниясында 14 жылдан бері қызмет етіп келеді. 2010 жылы техникалық бақылау бөліміне байыту өнімдерін бақылаушы ретінде жұмысқа орналасқан ол алғашқы сегіз жылда аға бақылаушы дәрежесіне дейін көтерілді. 2020 жылдан бері байыту фабрикасының басқару пультінің операторы болып қызмет етеді.

— Алғашқы күндері жұмыс маған өте қиын көрінді. Қаншама техникабар, олардың әрқайсысын бақылап, барлығының дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз ету — үлкен жауапкершілік. Қобалжығаным рас, бірақ уақыт өте келе процесті зерттеп, жұмысты жақсы меңгеріп алдым. Ең бастысы,үнемі ізденіс пен үйренуге деген ынта болуы керек, — деді Лариса.

Лариса Ақтөбе мыс кәсіпорнының жыл өткен сайын дамып келе жатқанын айтады. Заман талабына сай өндіріс үнемі жаңарып, кен байыту процесіне жаңа технологиялар енгізіліп жатыр. Кеннің қасиеттері мен көлемі әрдайым бірдей бола бермейтіндіктен, оған сәйкес жаңа схемалар таңдалады.

Өз ісінің шебері Лариса Белякова жұмысына жақын орналасқан Көктау ауылында тұрады.

— Мемлекеттік награда алу мен үшін күтпеген, бірақ өте қуанышты оқиға болды. Бұл марапат — тек менің ғана емес, бүкіл ұжымның еңбегіне берілген баға. Өйткені әрбір жетістік — командалық жұмыстың нәтижесі, — деді ол.

Бүгінде Лариса Белякова кәсібіне деген сүйіспеншілігімен және еңбектегі табыстарымен жас мамандарға үлгі болып отыр.

А.БАЛЖАНАЙ.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button