Басты жаңалықтар
ҚОЛДАУДЫ СЕЗІНІП ЖАТЫРМЫЗ
Ақбаян БЕРДІХАНОВА,
студент.
Сүлеймен Демирель атындағы университеттің IT мамандығында оқып жатырмын. Ақтөбе қаласының тұрғынымын. Былтыр Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Қазақстан халқына Жолдауында биыл шәкіртақының көбейетінін айтқан еді. Білім алушы үшін шәкіртақының өсуі тың серпін береді. Бүгінде Алматы қаласында пәтер жалдап тұрамыз. Үлкен шаһарда бәрі қымбат. Ай сайын жол шығындарын қоспағанда, азық-түліктің өзіне шәкіртақымыз жетпей жатады. Материалдық шығындарын өтеу үшін кейбір студенттер оқумен бірге ақша табу үшін қосымша жұмыс атқарып жүреді.
Мемлекет білім қуған жастарға шәкіртақыны көбейту арқылы қолдау көрсетіп, қамқорлық жасап отыр.