Білім

Темір көпір ауылында халық көптен күткен мектеп пайдалануға берілді

Мемлекет басшысының білім беру сапасын жақсарту, апатты жағдайдағы және үш ауысымда оқитын мектептер мәселесін шешу туралы тапсырмалары аясында Мұғалжар ауданы Еңбек ауылдық округіне қарасты Темір көпір ауылында 60 орындық жаңа мектеп ашылды.

Салтанатты рәсімге Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары Жолдас Батырхан, Мұғалжар ауданының әкімі Дархан Ермағанбетов және ауыл тұрғындары, оқушылар мен мектеп әкімшілігі қатысты.

Шарада облыс әкімінің орынбасары Жолдас Батырхан ауыл тұрғындарын жаңа мектептің ашылуымен құттықтады.

Темір көпір бастауыш мектебінде 17 мұғалім қызмет атқарып, 38 оқушы білім алады. Бұған дейін 4 жылдық бастауыш мектебі болған білім ордасы негізгі орта мектебі статусына ие болмақ.

Жаңа білім ошағы жайлы әрі заманауи талаптарға сай салынған. Мектепте химия, биология, физика, көркем еңбек пәндеріне арналған кабинет пен толық жабдықталған зертханалары оқушылардың сапалы білім алуына мүмкіндік береді. Сондай-ақ, кең, жайлы спорт зал мен асханасы бар. Жаңа мектептің құрылыс жұмыстарына 680 млн. теңге қаражат жұмсалды.

Мектеп ауласында спорттық ойындарға арналған алаң салынған, бұл оқушылардың дене дамуына және белсенді өмір салтын ұстануына ықпал етеді.

А.МӘЛІКҚЫЗЫ.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button