Білім

«Мен оқыған бір кітап»

Мектеп

«Оқуға құштар мектеп — оқуға құштар ұлт» жобасы аясында №30 қазақ орта мектебінде «Мен оқыған бір кітап» атты мәдени іс-шара өтті.

Балалар мен жасөспірімдердің кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру маңызды. Әсіресе әлемдік әдебиеттің үздік үлгілерін, соның ішінде ағылшын классиктерінің шығармаларын қазақ тілінде оқуға мүмкіндік беру  мәдениетіміз бен білімімізді байыта түседі.

Жиынға №30 қазақ орта мектебінің кітапхана меңгерушісі Мәдина Дәнекерова және5 «Б» сыныбының білім алушылары қатысты. Кездесу барысында оқушылар Нұриман Ерлан, Мирас Мырзагерей, Ерасыл Ауданбай, Мұхаммад Серік, Мансұр Дауылбай, Ерқанат Суханберді, Нұртілеу Нұрланұлы және Азиза Жантілесоваағылшын тіліндегі әлемге танымал шығармаларды ана тілінде оқып, мазмұнын талдап, шығармадан алған әсерімен бөлісті. Олар Уильям Шекспир, Чарльз Диккенс, Джейн Остин, Льюис Кэрроллсынды классиктердің шығармаларын талдады.

Бүгінгі таңда мектебімізде«Оқуға құштар мектеп»жобасы аясында кітап оқу мәдениетін дамыту бағытында көптеген жұмыстар атқарылып жатыр. Бұл бастамаға ағылшын классиктерінің қазақ тіліндегі нұсқаларын қосу оқушылардың таным көкжиегін кеңейтуге, тіл байлығын арттыруға зор үлес қосады.

            Сағыныш АМАНБЕКҚЫЗЫ.

Ақтөбе қаласы.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button