Жаңалықтар

Ғасыр-ғұмыр

Құрмет

Бүгінде жүз жыл ғұмыр кешіп, бір ғасырдың куәсі болған қарияларымыздың арамызда жүргені қуантады. Олардың өнегелі өмірі — бүгінгі ұрпаққа үлгі. Ойыл ауданының тұрғыны Зәуре Ермекбаева биыл 100 жасқа толып отыр.

Ойыл ауданының әкімі Асқар Қазыбаев пен аудандық мүгедектер қоғамының төрағасы Тыныштыбай Шалабаев ғасыр жасаған кейуананың шаңырағына барып, туған күн иесін құттықтады. Гүл шоқтарын ұсынып, сый-сияпат көрсетті.

— «Қарты бар үйдің — қазынасы бар» деген. Сіздердің ақыл-кеңестеріңіз бен айтқан сындарыңыз біз үшін үлкен тәрбие және алға ұмтылуға жігер береді. Өйткені сіздер салған жол — кейінгі ұрпақ үшін өнеге. Жаңа жылда сізге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр және отбасыңызға амандық тілеймін. Ғасыр тойыңыз құтты болсын!— деді аудан әкімі.

Зәуре Ермекбаева осы жасқа келгенше жақсылық пен жамандықты, бейнет пен зейнетті, қиындық пен қуанышты қатар көрген. Бүгінде сол бейнетпен өткен ғұмырының зейнетіне бөленіп, ұрпақтарының алдында бақытты ғұмыр кешіп отыр. Жастық шағы соғыс уақытында өткен ол тылда еңбек еткен.

Арнайы құттықтай келген азаматтарға ризашылығын білдірген кейуана елдің амандығын тілеп, ақ батасын берді.

Д.АЙДАР,

Ойыл ауданы.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button