Жаңалықтар
Бақытгүлдің балығы
Ақтөбе облысы, Байғанин ауданының тұрғыны Бақытгүл Боранбаева өз ісін ашу мақсатында бастау бизнес кәсіпкерлік негіздеріне арналған курстарынан өтті. Грантқа өтініш білдіріп комиссия шешімімен «Балықхана ашу» бизнес жобасы мақұлданып, 400 АЕК көлемінде (1 476 800 тг ) қаражатқа қажетті құралдарын алып, жұмыс орнын жабдықтады. Бүгінгі таңда аудан тұрғындары мен қонақтарына өнімдерін ұсынып, кәсібін жүргізуде.