Жеңіс

101 жастағы жауынгер

Жеңіс — 80

Ұлы Отан соғысына қатысқаноблыстағыкөзі тірі жалғыз ардагер, Хромтау ауданының тұрғыны Василий Иванович Грецкий 101 жасқа толды.

Мереке күндері облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Серік Шаңғұтов пен Хромтау ауданының әкімі Нұрхан Тілеумұратов соғыс ардагерінің үйінебарып, жауынгерді туған күнімен және Жаңа жылымен құттықтап, жылы лебізін білдірді.

Олар ардагердің соғыс жылдарындағы жасаған ерлігі мен елге деген адал қызметін ерекше айтып, жауынгерлердің батыл қимылы ұрпаққа үлгі екенін атап өтті.

Василий Грецкий 1924 жылы Беларусь елінде дүниеге келген. Еңбекке ерте араласқан жас сарбаз 1942 жылы майданға аттанып, Украина, Беларуссия, Польша, Чехословакия және Германия аймағындағы ұрыстарда шайқасқан.

Жеңісті Берлиннен 75 шақырым жерде орналасқан ауруханада қарсы алған ардагер бүгінде 3 баласынан немере-шөбере сүйіп отыр.

Арайлым НҰРБАЕВА.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button