Ветеринариялық пункттер ашылды
ветеринария
Мемлекет басшысының ветеринария саласын реформалауға қатысты тапсырмасына сәйкес 2024 жылы ветеринариялық стансалардың материалдық-техникалық базасын жаңарту үшін облыстық бюджеттен 354,2 млн теңге қаражат бөлінді.
Бөлінген қаражатқа 40 автокөлік, 18 компьютер сатып алынып, қалалық және аудандық ветеринариялық стансаларға табысталды және үнемделген қаражат есебінен 9 ауылдық округ ветеринариялық пункттермен қамтамасыз етілді.
Басқарма тарапынан сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу мақсатында «Қазпочта» акционерлік қоғамымен бірлесіп, қантамырға дәрі егу, көз ауруларын емдеу, тұқай ауруларына жасалатын тазарту, кесу, қысқарту, туғаннан кейінгі созылмалы қабыну эндометрит емдеу, дегельментизация (барлық ауыл шаруашылығы жануарларына), дезинфекция, ауыл шаруашылығы жануарларын сұйық азотпен таңбалау ақылы ветеринарлық қызметтерін көрсету Post.kz қосымшасына тіркелді.
Ветеринар мамандар тарапынанPost.kz қосымшасы арқылы 10 айда 16,7 млн теңгеге ақылы қызмет көрсетілді.
Сондай-ақ ақылы қызметтерді екінші деңгейлі банктердің қосымшасында тіркеу туралы келісімдер жүргізіліп жатыр. Алдағы уақытта осы бағыттағы жұмыстар одан әрі жалғасатын болады.
Д.АЙДАР.