Пікір

Болашаққа сенім нығая түсті

Бибігүл Ақжігітова,
“Геолог” мәдениет үйінің әдіскері.

Мемлекет басшысының «ANA TILI» газетіне берген «Мақсатым — экономиканы және егемендікті нығайту» атты сұхбатын оқып шықтым. Президент көптің көкейінде жүрген сұрақтардың барлығына жауап берген екен. Экономикалық, әлеуметтік мәселелер толық қамтылған. Әрине, былтырғы жыл еліміз үшін сынақ болды. Тасқыннан біраз өңір зардап шекті. Осы кезде Президент шұғыл шаралар қабылдады. Мемлекет басшысы сол уақыттағы қиындықты мақаласында айтып өтіпті. «Бір ел, бір халық болып, жұдырықтай жұмыла білсек қана мұндай апаттарды еңсере алатынымызға бәріміз көз жеткіздік»,- деген Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев. Ақтөбеліктер де тасқын кезінде ауызбіршілік таныта білді. Барлық мекеме, ұйымдар,еріктілер қиналғандарға қол ұшын созды. Мәдениет саласының қызметкерлері де өз үлесін қосты. Жалпы Президент мақаласында өзекті мәселелердің барлығын назардан тыс қалдырмаған. Бала өсіріп отырған ана ретінде білім, жастарға қатысты айтқан пікірі де көңілімнен шықты. Болашаққа деген сенім нығая түсті.
Ана тіліміз туралы айтқан пікіріне де қосыламын. Тілімізді дамыту, қолданыс аясын кеңейту арқылы мәртебесін көтеруге болады.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button