Пікір

Қазақ тілін дамыту — уақыт талабы

Нұрдәулет Алдашев, Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің оқытушысы, филология ғылымдарың кандидаты, доцент, Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының Ақтөбе қалалық филиалының төрағасы.

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Ана тілі» газетіне берген сұхбатында мемлекеттік тілге қатысты сұраққа арнай тоқталып: «Қазақ тілінің бәсекеге қабілеті және оны үйренуге деген қызығушылық барынша артып келеді. Ең бастысы, қазақ тілін білу сәнге айналды, жастарымыз оны меңгеруге ұмтылатын болды. Мемлекеттік тіл азаматтардың қызмет бабында өсуіне және табысқа жетуіне жол ашатын маңызды фактор саналады. Еліміздің бизнес өкілдері маркетинг саласындағы науқандарын қазақ тілінде сөйлейтін тұтынушылардың сұранысына қарай өткізетін болды. Мұның бәрі мемлекеттің өте абай болуды қажет ететін әрі саяси тұрғыдан маңызды саналатын осы саладағы саясаты тиімді жүргізіліп жатқанын көрсетеді» – деп атап өтті. Мемлекет басшысының әрқашан тіл мәселесіне қолдау көрсетіп жүретінін жақсы білеміз. Осындай жарқын көріністің, қолдаудың бірі – еліміздегі ғылым саласын одан әрі дамыту, жаңғырту, қазақ тілін оқыту мен үйретуде жүйелі жұмыстар атқырылуы керек екендігіне тоқталды. Мемлекет басшысының Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының жұмысына оң баға бере отырып, қазіргі заман үрдісіне сай, заманауи бағытта әсіресе, ғылым мен техниканың тілі болу жолында жұмыстарды жүргізу мен оны дамыту туралы сөз етті. Қолдану аясын арттыру, кеңейту мәселесі, әсіресе қоғамның әр түрлі әлеуметтік топтары арасында оның ішінде жастардың ана тілімізге деген құрметін арттыру күн тәртібінен түспек емес. Қазақ тілі – халқымыздың үні, айбыны. Мемлекет басшысы Қ.К.Тоқаев тіл мәселесі өте өзекті әрі маңызды екенін, осы бағыттағы жұмыстарды жүзеге асыру үшін не істеу керектігін ойлануымыз қажеттілігін баса айтты. Себебі, айта салу оңай, ал оны жүзеге асыру үшін үлкен шараларды қолға алуымыз қажеттілігне тоқтала келіп, «…2023 жылы «Қазақ тілі» қоғамының бастамасымен құрылған арнаулы қорға қолдау көрсету керек» екендігіне және цифрлық технологияларды қолдануға осы бағыттағы жетістіктерді енгізуге басым бағыт беру қажеттілігін айтты. Уақыт тынысын, ғасыр пульсін толыққанды сезінетін, «шығармашыл жастар және креативті индустрия мемлекеттік тілді дамыту ісіне пайдасын тигізе алады», олардың қатарынан өз дәуірінің деңгейінде қалып қоймай, уақыттың аяқ алысынан шалыс кетпей, жаңаша ойлап, жаңаша әлемдік сұранысқа ие болатын қазақ тілді контенттерді дамытатын, заманымыздың толыққанды ұрпақтары, келешектің резерві — жастар өкілдерін көп үміт артатынын жеткізді. Кемеліне келген, мемлекеттік тілді меңгерген, әсіресе әдебиет, музыка, кино, сериалдар арқылы заманауи тақырыптарды меңгеріп жаза алатын, замандас образын жасауға шамасы келетін, қазіргі шығармашыл жастарды қолдау қажет, өйткені қазақ тілінің дамуы да, еліміздің жаһандық бәсекеге қабілеті көбіне осыған байланысты болады. Ғылыми-техникалық үдеріс — біздің дәуіріміздің символы, біздің заманымыздың бет-пердесі, XXІ ғасырдың төлқұжаты. Сондықтан біз бәріне ғылыми-техникалық үдерістің призмасынан қарау керек.Тіл мәселесінде жеңіл жол іздемей, ұлттық бірлік пен татулықты, заң мен тәртіптің сақталуына баса мән беру қажеттілігін, бірізділік, ортақ қағида болуы керектігін көрсетіп берді. Сонымен бірге ғаламдық сандық платформалар мен қазақ тілін оқытуда отандық ақпараттық байланыс құрылымдарын жетілдіру бағытындағы өз ойын тұжырымды түрде жеткізді.Қай заманда болмасын ұлт тағдыры мемлекет болашағы туралы дана көсемдеріміз бен атақты би-шешендеріміз, ел басқарған, әлем танып мойындаған, қоғам қайраткерлері халықты бірлікке, туыстыққа, жауапкершілікке, бірлесуге шақырады. Осы сұхбатында Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың еліміздің болашағы мен тәуелсіздігін нығайту жолында болашақты ойлайтын және халқымыздың діні мен ділін, тілін, мәдениеті мен тарихын, салты мен дәстүрін қолдайтын мемлекет қайраткері екенін тағы бір нақтылап көрсетті.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button