Тәрбие дұрыс болса тіл өркендейді
Талғат Тілеулесов,
Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі.
— «Тілінен айырылған ел — жерінен де айырлады» — дейді тіл жанашырлары. Бұл пікірге мен де қосыламын. Сонау тарих қойнауына үңілсек, патшалық ресей мен Кеңес үкіметі кезінде қазақ тілінің аясы тарылып, орыс тілі үстемдік құрғанын жоққа шығара алмаймыз. Бірақ заманымыз осындай екен деп, орыс тіліне түбегейлі жұтылып кетпедік. Бұның себебі, ұлттық тәрбиеміздің мықтылығында жатыр. Тәуелсіз ел болған жылдары да тіл мәселесі алғашқы орында болды. Әлі де солай. Кейбір азаматтар тілге жаны ашыған кейіп танытып, мінберлерде сөз сөйлеп, абырой жинап жақсы орынға жайғасып алғандар да аз емес. Бұны өзінің жеке басының қамы үшін жасалған әрекет деп түсінем. Менің әкем екі тілді еркін меңгерген кісі болды. Біз онан орыстанып кеткен жоқпыз. Біз өз тілінің жоғалу дәуірінен аман қалған елміз. Қазіргі кезде жиындардың бәрі қазақша өтіп жатқанын көріп жүрміз.Қазақ мектептерінің саны еселеп артты. Ойланып қарасақ, ешқандай қорқыныш жоқ деуге болады. Жастарымыз орыс тілін де, ағылшын тілін де, тіпті қытай тілінде меңгеріп жатса артық емес. «Алаш» зиялыларының бәрі орысша білім алды, бірақ ұлтқа қызмет етті. Тілге тілді тиек ете бергеннен ештеңе шықпайды, ұлттық тәрбиемен өскен ұрпақ тілін жоғалтпайды. Сондықтан тәрбиеге аса мән бергеніміз абзал. Президентіміздің сұхбатын оқып шықтым. «Ана тіліміздің болашағы жарқын екеніне менің еш күмәнім жоқ. Қазақ тілі мемлекеттік тіл ретінде халқымызды ұйыстыру жолында маңызды рөл атқара береді. Бірақ
тіліміздің тұғырын нығайтамыз деп, оны басқа тілдерге, соның ішінде орыс тіліне қарсы қоймау керек», — деген пікірі өте орынды.