Жұлдыз-жорамал
Ұлу жылы қандай болады?
Байсалды Қоян кетіп, біздің жыл санауымыздағы 2012 жыл — үлгілі Ұлу жылы кіріп келе жатыр. Жыл иесі туралы дерек өте аз. Әлемдік желі — ғаламторды ақтарып, Уикипедия ашық энциклопедиясынан мынадай мәлімет таптық:
«Ұлулар (Gastropoda) — жұмсақ тәнді жәндіктердің, яғни, моллюскалардың бір класы. Олардың 3 класс тармағы бар: алғыжелбезекті, артқыжелбезекті және өкпесі бар. Бұлардың 90000-дай түрі бар. Теңіздің 4 800 метр терең түбінде және 5 000 метр биік тауларда да тіршілік етеді». Бұл мәліметтің өзі 1959 жылы шыққан Т.Мұсақұловтың «Орысша-қазақша түсіндірмелі биологиялық сөздігінің» І томынан алыныпты.
Ұлу жөнінде әр түрлі жорамалдар айтылады. Қазақтар су жәндігі ұлуды еңбекқор санағандықтан, бұл жылы астық, шөп көп шығады деп сенеді.
1904, 1916, 1928, 1940, 1952, 1964, 1976, 1988, 2000 жылдары Ұлу жылы болды. Мысалы, 1916 жылы ұлт-азаттық көтерілістің басталғанын білеміз. Алайда қазақтардың ұғымында әр жылдары қандай қиындық көрсе де, жылдың жаманы жоқ. Сондықтан олар: «Тышқан жылы — тыныштық; Сиыр жылы — сыйлық; Барыс жылы — бірлік; Қоян жылы — қамбалы; Ұлу жылы — үлгілі; Жылан жылы — жайлы; Жылқы жылы — жұтсыз; Қой жылы — құтты; Мешін жылы — мерейлі; Тауық жылы — табысты; Ит жылы — игілік; Доңыз жылы — дүниелі», — деп ежелден-ақ ұл-қызына жыл атауларын үйретіп, әр жылға осындай сипат, баға берген. Сөйтіп, әр жылдың мән-мағынасын терең ашып көрсетіп, барлық жылдың тұла бойы құт-береке, молшылыққа, бейбіт тыныштыққа толы деп сенген, ұрпақтарына да әр жылдың қадір-қасиетін осылай ұлықтап түсіндіріп отырған. Бұл адамдардың жан-дүниесінде ешбір жылдан қорықпау керектігі туралы сезім мен сенімді ұялатқан.
Ал шығыс күнтізбесі бойынша, қара түсті әрі су Айдаһары жылы 2012 жылдың 23 қаңтарында басталады. Кейбір астрологтар қара емес, көк Айдаһар туралы да айтып жүр. Айдаһар — шығыс күнтізбесінде мықтылықтың, жеңістің, бақыттың белгісі ретінде сипатталады. Сондықтан да бұл жылы туғандарды «аузында күміс қасығы бар» деп те айтады. Өйткені ол — күрескер, жеңімпаз.
Жиырма бірінші ғасырдың 12-ші жылы қарбалас, қауырт шаруаларға толы болғанымен, оң шешімді өзгерістерімен, толағай табыстарымен есте қалады деп сендіреді астрологтар.
Сонымен, Ұлу жылында…
Тоқты (21.03 – 20.04)
Әуелі сипаттама берейік: Осы шоқжұлдызда туғандарға жағдайы әрдайым өзгеріп тұратын мамандықтар ұнамды саналады. Өйткені мұндай адамдар қарбалас кезеңде өздерін жақсы көрсетіп, ізденістерге даяр тұрады. Тек шама-шарқын пайымдай алмайды. Бұл белгінің адамдарына тән мамандықтар: оқытушы, саясаткер, актер, дәрігер, журналист, механик, косметолог, шаштараз. Олар жақын, жанашыр адамынан ешнәрсені аямайды.
Болжам: Астрологтардың пікірінше, жылдың бірінші жартыжылдығы күрделі жағдайларға толы болғанымен, негізінен алғанда, сәтті болады.
2011 жылы жаз немесе күз басында басталған іс кедергілерге тап болып, шаруаның басым бөлігі қаңтар, ақпан наурыз және сәуір айларында ілгерілейді.
Көктемді ала келетін наурыз айы сәттілік пен олжаға толы болады. Екінші жартыжылдықтағы мамыр, тамыз, қазан мен қараша айлары қиындығымен есте қалуы мүмкін. Алайда маусым, қазанның алғашқы жартысы мен желтоқсан айлары сәтті болмақ.
Денсаулық. Алғашқы жартыжылдықта күш-қуатыңыз әлсіреңкіреп, ескі созылмалы ауруларыңыз мазалауы мүмкін. Әсіресе, асқазан-ішек аурулары бар адамдар күтініп жүрулері керек, олар дұрыс тамақтанып, аса мұқият болып, тағамнан улануға жол бермегендері жөн. Екінші жартыжылдықта жаңа күш пайда болып, иммунитетіңіз артып, қуаттылық әлеуетіңіз нығаяды.
Махаббат, отбасы. Серігіңізбен арадағы сезімге сызат түсіріп алмаңыз. Оның көңілінің қалауын дөп басып, қай істе де ақылдасып шешуге тырысыңыз. Жұлдыздар асығыстық қылмауға кеңес береді. Күз айындағы күтпеген кездесу өміріңізге өзгеріс енгізеді.
Қаржы. Ақша жағынан тарықпайтын боласыз. Керісінше, ол өткен жылдағыдан гөрі жиі пайда болып, әрі көп болмақ.
Астрологтар кеңесі: Бұл жыл жай жыл емес — Уранның әсері сізді эмоцияға тез берілгіш етеді. Ал бұл барлық істе, тіпті жеке өміріңізге де кері әсерін тигізуі мүмкін. Егер бірдеңеге көңіліңіз толмаса, кінәні өзіңізден іздеп көріңіз.
Торпақ (21.04-20.05)
Сипаттама: Дәлдікті, мұқияттылықты қалайды. Өз жетістігін баянды ете алады. Жұмыстың өте көптігі қобалжытпайды. Олар — он саусағынан өнер тамған шеберлер. Бұлардан жақсы инженерлер, техниктер, механизаторлар шығады. Табиғатты сүйеді, гүл, көкөніс, егін, мал өсіруге бейім. Махаббатта тұрақты. Көбінесе мінезі қырсық келеді.
Болжам: Бұл белгідегі жандарға Ұлу жылы мол мүмкіндіктерін ұсынады. Тек тиімді пайдаланып қалуға тырысу қажет. Әрі жыл бойы жақсы көңіл күйде жүретін боласыздар. Бірінші жартыжылдықта достарыңыздың қолдауына сүйенуге тура келеді. Ал егер жаңа іс бастамақ ниетте болсаңыз — ең жанашыр, ең сенімді жандарға ғана арқа сүйеңіз. Сонымен қатар, қандай да бір жаңа істер бастауға, жалпы, маңызды шаруаларды жоспарлауға, сіз үшін жылдың алғашқы жартысынан гөрі, екінші жартысы сәттірек болмақ.
Денсаулық. Қай істе де сабырлылық танытуға тырысыңыз. Ішіңізге жинай бермей, бір сәт ашылып сыр айту, не жылап алу қажеттігін ескеріңіз. Аурудың қай-қайсысына да атүсті қарамауға тырысыңыз.
Махаббат, отбасы. Отбасылық жағдайы да бірқалыпты, олар көп ретте жарымен арақатынасын бір деңгейде ұстауға ұмтылады.
Солай бола тұрғанымен де жарыңызға көңіл бөліп, оның талғамына, пікіріне құлақ асқаныңыз жөн.
Қаржы мәселесіне келсек, бәрі де өзіңізге байланысты болмақ. Тетігін тауып, тынымсыз еңбек етсеңіз, тым жақсы қор жинап ала аласыз. Ал азды-көпті шығындар кездессе, аса қайғырмаңыз. Орнын толтыру — өз қолыңыздағы іс.
Астрологтар кеңесі: денсаулық мәселесін бірінші орынға қойыңыз, әсіресе, жүйкеңізді сақтаңыз. Тағы бір ескерер жайт — күз кезінде созылмалы дерттеріңіз асқынуы мүмкін. Асқынуларға жол бермеу үшін дәрігермен кеңесіп, алдын ала қамданған жөн.
Егіздер (21.05-21.06)
Сипаттама: Егіздерден көбіне жаңа өндірістің инженері, лектор, комментатор, сатушы, ақпараттық есептеу техникасының қызметкері шығады. Олар
бір орында тапжылмай отырып атқаратын жұмысты ұнатпайды. Онша төзімді емес. Адам жатырқамайды. Сырын бөлісер адам таба алмаудан қорқады.
Болжам: Ескі жылды табыспен шығарып салып, келер жаңа жылды шаттықпен қарсы аласыз. Тек өмірдің әр қилы сынағынан сүрінбей өтуіңіз қажет. Осалдық танытпаңыз, кездескен кедергілерге мойымаңыз! Керісінше жақсы қабілеттеріңізді көрсетуге берілген мүмкіндік деп ойлаңыз. Жылдың алғашқы жартысында күтпеген қызықтардың куәсі боласыз. Тынымсыз жыл болмақ. Айналаңыздағы адамдармен тез тіл табысып, ұрымтал сәттерді жіберіп алмауға тырысыңыз. Өз ортаңызда және отбасыңызда бедел-мерейіңіз арта түспек.
Астрологтар сізге бәрін ақылмен шешуге кеңес береді. Сезімге көп берілмеңіз. Тіпті ұсақ-түйек шаруалардың өзіне үлкен жауапкершілікпен қарап, өзіңізге-өзіңіз қатаң талаптар қойыңыз. Сонда ғана орны толмас өкініштердің алдын ала аласыз. Алдыңызға үлкен мақсаттар қоятын кез жетті.
Жыл барысында жеке құжаттарыңызға байланысты кедергілер туындауы мүмкін, оны жөндеуге біраз уақытыңыздың кетуі де ғажап емес. Сондықтан да жұлдыздар шоғыры сіздің әр ісіңізге абай болғаныңызды қалайды.
Денсаулық. «Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде». Бұл сіздің ұстанымыңыз болуы тиіс.
Махаббат, отбасы. Тұрмыстық мәселелер көбейіп, отбасылық өмірден береке кетеді. Жұбайлар аз уақыт осындай қиындықтарды өткереді. Бұл мәселені шешуге үлкендер көмектеседі.
Қаржы. Екінші жартыжылдықта қаржылық жағдайыңыз жақсарады. Кәсіби ісіңізді дамыту арқылы табысқа кенелесіз.
Астрологтар кеңесі: күз — қосымша қаржы көздерін іздестіруге сәтті уақыт. Сондықтан да осы сәтті жіберіп алмаңыз.
Шаян (22.06-22.07)
Сипаттама: Ақпарат, психология, экономика, қаржы және сандарға қатысты жұмыстар шаян шоқжұлдызындағыларға жақынырақ. Олар техниканы жақсы меңгереді, тарихты, әдет-ғұрыпты зерттеуге, мұражай жұмысына қабілетті. Көзге көрінбей жүріп, көп жағдайға әсер ете алады. Әйелдерден жақсы дәрігерлер, тәрбиешілер шығады. Ұжымнан ұзақ уақыт қол үзіп істейтін жұмысқа бейімділігі жоқ. Іскерлігі көбінесе көңіл күйіне байланысты. Әрбір сөзге мән береді.
Болжам: Жаңа жылда жоспарларыңыз бен жаңа мүмкіндіктеріңізді пайдалана отырып, жақсы жетістікке қол жеткізесіз. Жаңа таныстар табасыз, олармен жылы сөйлесуге ұмтылыңыз. Бұл сізге жаңашыл дос, жанашыр әріптес табуға септігін тигізеді.
Шаяндар жауапкершіліктен қашпайтын, әділ шешімге жол бастайтын жандар. Қызмет барысында өткен жылдан қалған кей түйткілдеріңіздің дұрыс шешім табуы өзіңізге тікелей байланысты. Бұл істе сізге салқынқанды сабыр мен ақыл-парасатыңыз көмектеседі.
Сосын өзіңіздің бірсарынды өміріңізді өзгертуге талаптанып көріңіз, сонда жылды табысты өткізесіз. Өзіңізді қолдайтын әріптестеріңізбен арақатынасты үзіп алмаңыз.
Денсаулық. Жылдың алғашқы екі айында денсаулығыңызға абай болыңыз. Қолайлы мүмкіндік туындап жатса, емделу орындарына барудан бас тартпағаныңыз жөн.
Махаббат, отбасы. Жеке өмірде өзгерістер болады. Жаңа қонысқа көшу, жөндеу жұмыстары болып қалуы да мүмкін.
Қаржы. Жұлдыздар бірінші жартыжылдықта қаржыға мұқият болуға кеңес береді, сондай-ақ күрделі қаржылық мәселелерді шешуге тура келеді.
Астрологтар кеңесі: қарыз алмауға, сенімсіз адамдарға қарыз бермеуге тырысыңыз.
Арыстан (23.07-23.08)
Сипаттама: Арыстан белгісінде туғандар қандай жұмыс болмасын өз қабілеттерін жарқырата көрсете алады. Араларынан мықты хирург, мүсінші, кәсіпорын бастығы, дирижер, аудармашы, дизайнер шығады. Өзгелерді жақсы тани алады. Өз ортасында патшаның рөлін атқарады. Оны алдау өте оңай.
Болжам: Астрологтардың пікірінше, өткен жылмен салыстыра қарағанда, ұлу жылы аса үлкен қуаныш пен сәттілік әкеледі. Сіз — өте белсенді, тіпті қатты шаршап тұрғанның өзінде қолға алған ісіңізді соңына дейін жеткізбей, демалуды білмейтін адамсыз. Сол белсенділігіңізден айрылып қалмаңыз, тек қана алға ұмтылыңыз. Бұл жылы кездесетін барлық қиындықтарды, күрделі жағдайларды тек күш-жігеріңіз, ертеңге деген сеніміңіз арқылы ғана жеңіп шыға аласыз. Сіз үшін ең бастысы — ертеңге сеніммен қарағаныңыз абзал.
Денсаулық. Денсаулығыңыздан ешқандай кінәрат шықпас үшін үнемі спортпен шұғылдануға, дұрыс тамақтануға кеңес береміз.
Махаббат, отбасы. Бойдақтарды соңы некеге ұласатын романтикалық кездесу күтіп тұр немесе сүйіктілерімен бірге демалыстарын есте қаларлықтай өткізеді.
Қаржы. Жұмысбасты, еңбекақысы жоғары Арыстандарға ескертеріміз, үнемшілдік серігіңіз болсын, қаражатты оңды-солды шашудан сақ болыңыз.
Астрологтар кеңесі: Көктем кезінде сізге алдағы уақытта үлкен көмегі тиетін адаммен танысудың сәті түседі. Сол мүмкіндікті жіберіп алмаңыз.
Бикеш (24.08-23.09)
Сипаттама: Бикештер кез келген жағдайға бейімделгіш, ұйымдастырушылық қабілеті мол, білімді. Олар өте сезімтал, қашан бәрі орнына келгенше тыным таппай мазасыз күй кешеді. Көп сөйлегеннен гөрі жазғанды қалайды, денсаулығына үлкен мән береді. Еңбекқор, момын, көмекке дайын болғанымен, өз қажеттілігін өзгелерге сездіре алмайды.
Болжам: Алдағы жыл қолыңызға алған істі нәтижелі аяқтауға оңтайлы мүмкіндік бермек. Алға қойған мақсатыңызға жетуге бетбұрыс жасайтын оң өзгерістер болуы мүмкін. Алайда күнде бірсарынды боп қайталана беретін күйкі тірлік өзіңізді жалықтырып жібермес үшін өмірлік қағидаларыңызға сәл-пәл өзгеріс енгізгеніңіз абзал. Мәселен, театрға барып, көрініс тамашаласаңыз, ән тыңдап, көпшілікпен көңіл көтерсеңіз, оның өзі сіз үшін үлкен жетістік болар еді. Егер сіз кәсіпкер болсаңыз, өзіндік жеке бизнесіңіз болса, қуана беріңіз, бұл жыл Сізге жақсы табыстар әкеледі. Темір тұлпарлы болу мүмкіндігіңіз де басым.
Денсаулығыңызды нығайту үшін қимыл-қозғалысты көбейте түсіңіз. Жаттығу залдарына баратын мүмкіндігіңіз болмаған жағдайда, үй шаруасына белсенді араласқаныңыз дұрыс.
Махаббат, отбасы. Бұл мәселеде аяқ асты шешім қабылдамаңыз. «Жеті рет өлшеп, бір рет кескеніңіз» жөн.
Қаржы. Айыңыз оңынан туып, Ұлу жылында ірі бір компанияның көп акциясын сатып алуыңыз немесе лотореядан ұтып алуыңыз мүмкін.
Астрологтар кеңесі: Сіз үшін жылдың бірінші жартысы — аса сәтті уақыт. Осы кезеңде тағдыр ұсынған тамаша мүмкіндіктерді жіберіп алмаңыз!
Таразы (24.09-23.10)
Сипаттама: Таразылар эстетикалық жағынан өте сезімтал болғандықтан, жұмысына өнердің қатысы болғаны жақсы. Ән тыңдап, кітап оқып, гүл өсіргенді ұнатады. Нақты істердің ұйытқысы. Араларынан безендіруші, археолог, экономист, ағаш шебері, ұсталар көп шығады. Бостандықты сүйеді.
Болжам: Жұлдыздар шоғыры биылғы жылдың Сіз үшін тамаша болғалы тұрғанын айғақтайды. Қызметіңізде жақсы табыстарға, түрлі марапаттауларға қол жеткізесіз. Жылдың жанға жайлы кезеңінде өзіңіз армандаған мақсатыңызға жетудің мүмкіндігі туады, айрылып қалмаңыз. Түрлі басқосуларда өз биігіңізді сақтап қалуға ұмтылыңыз, болмашы нәрселер үшін майдаланып, пендешілік танытпаңыз. Сіздің бойыңыздағы еңбекқорлығыңыз, ұйымдастырушылық қабілетіңіз, істің көзін таба білер алғырлығыңыз өзіңізге табыс әкеледі. Алайда кейде адамдарға сенгіштігіңізден таяқ жейтініңізді қаперден шығармаңыз.
Денсаулық. Аурудың алдын алған адамның көп ұтарын ескеріңіз. Бүйрек не бауырыңыз сыр беріп жатса, бірден дәрігер көмегіне жүгініңіз. Бір ауық спортпен айналысу қажеттігін де естен шығармаңыз.
Махаббат, отбасы. Бұл белгіде туғандардың кейбірі жыл ортасы ауа баспана мәселесін түбегейлі шешулері мүмкін.
Қаржы. Жиған-тергеніңізді өз пайдаңызға жұмсап, рахат өмір кешесіз. Жалақыңыздың немесе зейнетақыңыздың жоғарылауын күтіңіз.
Астрологтар кеңесі: Көктемде және күз кезінде алаяқтардың торына түсіп қалудан барынша сақтанып жүріңіз.
Сарышаян (24.10-22.11)
Сипаттама: Сарышаян белгісінде туғандар сан алуан құпия сырларды ашу, зерттеу, дарынды адамдарды табу, қолға түсе бермейтін игіліктерді жинағанды ұнатады. Олар көбіне заңгер, криминалист, аңшы, спортшы, ұстаз, психолог, фармаколог мамандығын меңгереді. Тік мінезді, адамдарды жақсы таниды, өзі күдікшіл.
Болжам: Жорамал бірқатар сарышаяндықтардың алғашқы жартыжылдықта өз денсаулығына сергектікпен қарауын меңзейді. Отбасылық жағдайларында түсініспеушілік туындап қалатын сарышаяндықтарға айтарымыз, істің байыбына сергектікпен қарап, оны сабырмен шешуге тырысыңыз. Жұмыс жағдайында кейін арада сенімсіздік қалыптаспас үшін өз әріптесіңізбен шыншыл қарым-қатынаста болыңыз. Бұл жылды табысты ету үшін Сіздің уақытпен санаспай еңбек етуіңізге, ұжым мүшелерімен жақсы қарым-қатынас орнатуыңызға тура келеді.
Денсаулық. Қағазбастылыққа салынып, не мақсатыма жетем деп демалыссыз жұмыс жасай беруге аса әуес болмағаныңыз дұрыс. Әсіресе, жаз айларында ескі ауруыңыз сыр беріп, мазаңызды алуы мүмкін.
Махаббат, отбасы. Сезіміңізге ерік беріңіз. Бұл жыл да сіз үшін маңызды болады дейді жұлдыздар. Алайда таңдау жасар тұста, алды-артыңызға қарап, асықпай шешім қабылдағаныңыз дұрыс. Әсіресе, сәуір мен тамыз айының аралығында махаббат айдынында жүзіп бақыттан басыңыз айналуы бек мүмкін.
Қаржы. Бар күш-жігеріңізді материалдық ахуалыңызды реттеуге жұмсайсыз. Есесіне, сіздің жоспарыңыз жүзеге асып, көңіліңіз марқаяды. Сәттілік сенімді серігіңізге айналып, қай істе де мол табысқа кенелесіз. Көптен күткен бағалы сыйлыққа қолыңыз жетеді.
Астрологтар кеңесі: «Сақтықта қорлық жоқ». Алыс жолға шыққанда абайлаңыз, жеке бас құжаттарына мұқият болғаныңыз абзал.
Мерген (23.11-21.12)
Сипаттама: Олар — белсенді жандар, бастамашыл. Бір сарынды жұмысты азап санайды. Мергендерден жақсы журналист, менеджер, криминалист, философтар шығады. Оптимист жандар. Өте адал, ашық мінезді болып келеді.
Болжам: Бұл жыл Мергендер үшін өте жақсы болғалы тұр. Айналадағы адамдармен, отбасы мүшелерімен жарасымды сыйластық сізге тек жағымды жаңалықтар сыйлайды. Олар ағайын-туыс, достары тарапынан үлкен қолдау көреді. Мергендердің бірқатары қызмет жағынан өседі, енді бірі сенімді ортаға жолығады. Мүмкіндікті пайдаланып қалыңыз, сіздің ғылымда, өнерде, шығармашылықта жұлдызыңыз жанғалы тұр. Ал барын ортаға салатын сіздер, абайламасаңыздар, қаржылық дағдарысқа ұшырап қалуларыңыз мүмкін.
Денсаулық. Уақытылы тамақтанбау да денсаулыққа кері әсерін тигізетінін ұмытпаңыз. Әсіресе, ұзынсары келгенде құнарлы тамақтанғаныңыз абзал. Әуелден сыр беріп жүрген асқазан мен бауырды сақтағаныңыз жөн.
Махаббат, отбасы. Шынайы болуға тырысыңыз. Бетперде киіп, шын кейпіңізді жасыруға тырыспағаныңыз жөн.
Қаржы. Ойлаған арман-мақсатыңызға жету үшін бұл жылы сізге көп қаражат қажет. Осы ретте қол ұшын созған жанашыр адамдарды кері қайтармаңыз. Үнемдеймін деп, өзіңізге қажетті заттарды алудан бас тартып, шектеу қоюдың қажеті жоқ. Әр қадамыңызды аңдап бассаңыз, бос шығындардан құтыласыз.
Астрологтар кеңесі. Бір сарынды күндерді қанағат тұтып, ұйқылы-ояу тірлікті жалғастыра беремін десеңіз — өзіңізге ғана өкпелеңіз.
Тауешкі (22.12-20.01)
Сипаттама: Тауешкі белгісінде туғандарға тән қасиеттер: байыптылық, еңбекқорлық, тиянақтылық. Оларды мынадай мамандықтарға бейімдеген дұрыс: ғалым, агроном, дәрігер. Өте баяу қимылдайды. Өз мақсатын бірнеше жыл бұрын жоспарлайды.
Болжам: Ұлу жылы жұлдыздар шоғырынан көптеген тауешкілерге іргелі істі бастамас бұрын ойланып, жақын-жуықпен кеңесіп алғаны жөн деген болжам түсті. Келісіп пішкен тонның келте болмайтыны қандай шын болса, өз ісін дайындықпен бастаған тауешкілердің табысқа жететіні сондай анық. Тауешкінің өз мамандығына орай, отбасы төңірегінде туындаған кей түсінбеушіліктерге сабырмен қарап, ашуға бой алдырмағаны абзал. Кездескен қиындықтармен бетпе-бет келгенде төзімділік таныта білсеңіз, жыл бойы өзіңізді жеңіл сезінетін боласыз.
Денсаулық. Көктемге қарай денсаулығыз сыр беруі мүмкін. Дәрігермен ақылдасып, витаминдер қабылдап, уақытылы тынығып, денсаулығыңызды күткеніңіз дұрыс. Ең бастысы — салауатты өмір салтын ұстаныңыз.
Махаббат, отбасы. Отбасын құрмаған болсаңыз, бұл жыл шешуші кезең болмақшы. Бір көргеннен ғашық болып қалмауға тырысыңыз.
Қаржы. Өткен жылы бастаған ісіңіз Ұлу жылында жылдамырақ ілгерілейді. Өйткені қаржы мәселесі жыл басында шешілгелі тұр.
Астрологтар кеңесі: Берекесіз отырыс-қыдырыстар денсаулығыңызға зиян келтіруі мүмкін. Әрдайым ұйқыңызды қандырып, уақытында тынығып жүруге тырысқаныңыз дұрыс.
Суқұйғыш (21.01-20.02)
Сипаттама: Суқұйғыштар — тумысынан өнертапқыштар. Өзгелерді таң қалдыруға құмар. Олар өздерін тізгіндегенді, басшылық нұсқауын, мәжбүрлегенді жақтырмайды. Мамандық таңдауда оларға ыңғайлы салалар мыналар: электроника, радио, телеграф, химия, фотосурет, инженерлік.
Болжам: Бұл белгідегілер үшін жыл айтарлықтай табысты болғалы тұр. Бірқатарының өз қызметінде дәрежесі жоғарылайды. Отбасыларында ешқандай түсінбеушілік, қиындық туындамайды. Солай болғанымен де арқаны кеңге салуға болмайды. Өз ісіңізге мұқият болыңыз, басшыларыңызбен қарым-қатынасыңызды бірқалыпты ұстауға ұмтылыңыз. Жылдың екінші жартысында баспаналы болып қалуыңыз да, бір басыңызды екеу етуіңіз де әбден мүмкін. Көктем айларында денсаулығыңызға көңіл бөлгеніңіз жөн.
Денсаулық. Күнделікті тағам рационыңызға мән беріңіз. Дәрігердің көмегімен түрлі диеталарға отырып не болмаса дәрумендер қабылдауыңызға тура келуі мүмкін. Алайда, алаңдауға себеп жоқ болса, босқа күйгелектікке салынбағаныңыз жөн.
Махаббат, отбасы: Қандай да бір жағдайда асығыстық танытпаңыз. Сондай-ақ тым жайбарақаттыққа салынып, жаныңыздағы адамды жабырқатып алмаңыз.
Қаржы. Қаржылық гармонияға қолыңыз жетеді. Ысырапшылдықтың жағымсыз қасиет екенін есте ұстасаңыз болғаны. Жыл аяғына таман жоспарсыз шығынға тап болуыңыз мүмкін.
Астрологтар кеңесі: Сізге тек дұшпандарыңыз ғана емес, достарыңыз тарапынан да сатқындық болуы мүмкін. Сондықтан жұртқа көп ақтарылып, сыр шаша бермеңіз.
Балықтар (21.02-20.03)
Сипаттама: Оларға өздерінің қабілетін, таным-түйсігін, шығармашылық талантын жарқырата көрсететін жұмыс, мамандық қажет. Өзгелерге жанашыр. Жаман нәрседен де жақсылық көре алады. Жалғыздықтан қорқады. Талантты, өз күшімен мақсатына жететін жандар.
Болжам: Олардың жеке өмірі табысты болады, денсаулығына еш өкпесі жоқ. Қаржылық қолдау көріп отырады. Бірқатар Балықтардың махаббатта жолы болады. Ғылыммен айналысатын бұл белгідегілер үшін биылғы жыл табысты болғалы тұр. Отбасымен шет елдерге саяхатқа шығатындардың көпшілігі де осы — Балықтар. Қоғам өміріне белсене араласқан Балықтардың алар асулары да қомақты.
Денсаулық. Асыра белсенділік танытам деп, тынығуды естен шығарып алмаңыз. Бар күш-жігеріңізді жұмсап, әбден әлсіреген шақта дәрігер жағалап, не аурухана төсегіне таңылып жатқанша, уақытылы демалып, серуендеу, не ауылға бару секілді берері мол істерден бас тартпағаныңыз жөн.
Махаббат, отбасы. Отбасыңызда қуанышты оқиға болады. Ал егер «жолым болмады» деп өзіңізге ренжіп жүрген жан болсаңыз, енді «қандай бақытты едім» деп айтатын боласыз.
Қаржы. Өз бастамаңызбен жүзеге асқан іс табысқа кенелтеді. Қараша айына дейін ақша мәселесіне қатысты сұрақтар туындай қоймайтын сыңайлы. Ал жыл аяғына таман бірнеше маңызды шешімдер қабылдап, үнемдей тұруға тура келеді.
Астрологтар кеңесі: бұл жыл қызметте, жұмыста сіз үшін сәтті жыл болуы тиіс. Алайда қандай да бір қитұрқы істермен әріптестеріңізді өзіңізге қарсы қойып алудан сақтаныңыз.
Интернет материалдары бойынша айқара бетті әзірлеген
Айнұр ЖАЛМАҒАНБЕТОВА.




мен балык пин менин ешкашанда жолим болмаид бахаббаттада уи турмисиндада 6жыл болди мени еш нарсе куанткан емес
АЛЛАГА СЕНИНИЗ ЖАНЕ ОЗИНИЗГЕ СЕИНИЗ. ЕГЕР ЖОЛЫМ БОЛМАЙДЫ ДЕСЕНИЗ АЛЛА СИЗДИ ЕШ КОЛДАМАЙДЫ.КЕРИСИНШЕ ЖОЛЫМ АР КЕЗ БОЛАДЫ ДЕП АЛГА КАРАЙ НЫК СЕНИММЕНЕН ЖУРИНИЗ.
АРМАНЫНЫЗ БАРМА НУ ДАВАЙТЕ КИЫНДЫККА ШЫДАП ЖУМЫС ЖАСАНЫЗ.
мен балык пин менин ешкашанда жолим болмаид бахаббаттада уи турмисиндада 6жыл болди мени еш нарсе куанткан емес
мен балык пин менин ешкашанда жолим болмаид бахаббаттада уи турмисиндада 6жыл болди мени еш нарсе куанткан емес
Ажар. Мен де балықпын. Бойдақ кезімде де махабаттан жолым болмайтын. Құдайға не жаздым деп талай жылаған күндерім болды. Мейрамдарды жек көретінмін. Себебі бөйжетсем де үйде жалғыз отырамын, құрбыларым жігіттерімен қолтықтасып отырыстарға кетіп бара жатқанда оларға қызыға, қызғана қарап жылайтынмын. Өзім реңім де жаман емес,бақуатты жанұядан шыққанмын, білімім де жоғары, бірақ қандай кедергілер бар екенін түсінбедім. Не керек 25 жасымда тұрмыс құрдым.Жолдасым қараңғы ауылдан шыққан, өзі оқымаған, ішкіш, күнде басымнан әңгір таяқ кетпеді. Ұрғаннан бірнеше рет больницаға да түстім, қолдарымды бірнеше рет бұрап шығарып, ақыры сындырған кезі де болды, басымды да жарды.Ажырасып кетейін десем қорқамын.Өмір сүргім келмей бірнеше рет дәрі ішіп, арқанға асылып қалған кездерім де болды. Мейрамдардағы отырыс тұрмақ төркініме бара алмадым. Істеген тірліктерінің барлығын әке-шешесіне айтып қояды деп үйден шығармайтын. Бірақ ажал жоқ болған соң ләж жоқ, тек Құдайға «Төзім бер» деп жалынғаннан басқа ештеңем қалмады. Қазір екі балам бар, 14 жыл болды.Ұра-ұра өзі де жалығып, шаршадығой деймін. Қол көтергенді сиретті. Саған өтінерім, мен сияқты жолым болмайды деп асылық жасама. Не болса да Құдайға тоба де. Әйтпесе өмірің бұдан да жаман болары хақ. Бастарынан мұндай қиыншылық өтпегендер керемет ақылды боп ақыл айтады, бірақ бірінші күннен қорқып қалған адамыңнан шыға алмайсың, тыныштық болсыншы деп тек соның айтқанымен жүре отырып, соған қалыптасып кетеді екенсің.
мен ешкашанда киналмаим деушем биракта киндык шыга беред барине моимаим да киндыкпен бетпе бет келем
енди оган ким кинали
Каям жемеш Орынбай Ажар
абайлап сөйле аузыңды айрам
каимды саған сені тапқан күни жегізем
қаямды сені тапқан күні жегізем модрич гандон голубой
Mен шаянмын менiki тура келдI
АЛАКАЙ!
суқұйғыштардікі тукте дұрыс емес бірде бір сөздері дұрыскелмейді
хахахахахахахахаххахахахахахахахахаха урыспай тобелесиндер
сукуйгыш дап далгой бари де сай :)Суқұйғыштар — тумысынан өнертапқыштар. Өзгелерді таң қалдыруға құмар. Олар өздерін тізгіндегенді, басшылық нұсқауын, мәжбүрлегенді жақтырмайды…..ИЯ ИЯ БАРИ ДЕ САЙ….Мамандық таңдауда фотосурет, инженерлік.Т.Б. Жылдың екінші жартысында баспаналы болып қалуыңыз да, бір басыңыз екеу етуіңіз де әбден мүмкін дегендерри де солай . Көктем айларында денсаулығыңызға көңіл бөлгеніңіз жөн дегендери де келеди барлыгы ….казир ия денсаулыгым нашарлап кеткен ………….АЙНУР ЖАЛМАГАМБЕТОВА СИЗГЕ РАХМЕТ))))))))))))))))))))))
таразыники дал келп тур
Мен балыкпын.бари орындалып жатыр.Алакай!-:))
Менің жұлдызым ТАРАЗЫЛАР . Мен негізінде жұлдыз жорамалға сенемін.Себебі сәйкес кеп тұрады.Менімше өте дұрыс жазғансыздар және нақты .Студенттерге,басқада жастарға айтарым алдымен Аллаға ,екінші өзіңе,үшінші ата-анаңа,төртінші жұлдыз жорамалға сеніңіздер…….
НО КАЗИР НОЯБРЬ БОЛСАДА МАГАН КЕП ТУР ЖАНЕ БИЗНЕСИМНИН АЛГА ЖЫЛЖУЫНА СЕПТИГИН ТИГИЗДИ.УРААА)))))))))
salemetsizbe men ertengi kundi surain debedim
2014 jylky jylynyn juldyz joramalyn 1 aptadan beri izdeudemin menin joramalym su kuygywtar meni tan kaldyratyny juldyz joramal 2 aitkany dal keldi endi menin aitarym kawa кун кутсек болат жауап кутем?
Мен тауешкімін барлығы тура ойымдағыдай.
2014 jildin juldiz joramalin kalai biluge boladi?
мен сайытка калай тіркеле аламын
ДОСТАР ЖУЛДЫЗ ЖОРАМАЛҒА СЕНІҢДЕР АЛАЙДА БІРАҚ КӨКТЕ БІР АЛЛАНЫҢ БАР ЕКЕНІН УМЫТПАЙЫҚ
мен балыкпын,омир озимиздин колымызда шыдам мен жылдамдык катар журу керек сиякты жане ишки жан дуние оте таза дос жаран барлык туыс ортана кайырымын мол жане не жасасанда Алла атымен оз разылыгынмен бастау керек Алла сатин береди.Егер киналган балыктар улкендер айтады гой коп бейнеттин бир зейнетти бар деп бала-шаганыздан кандай сый келгели турганын кайдан билесиз,Умитсиш шайтан иси.Сабырлы сыйсыз калмайды жаратканнан!