Мереке

Патриоттық әндер шырқалды

Тәуелсіздік күніне орай “Дина” сауда үйінде патриоттық ән шеруі өтті.
Іс- шараға облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы Әлібек Байнешов, облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының өкілдері, жастар ресурстық орталығының қызметкерлері, еріктілер мен қала тұрғындары қатысты.

Қазақ камералық хор ұжымы бастаған ән шеру Е.Хасанғалиевтің “Атамекен” әнімен басталды.
— Бүгінгі мерекенің мәні — тереңде, мағынасы — зор. Баршаңызды Тәуелсіздік мерекесімен құттықтаймын. Бүгін патриоттық ән айту челленджін ұйымдастырып жатырмыз. Қолымыздан келгенше осы айтулы күнді насихаттап, дәріптесек деймін, — деді Ә. Байнешов.
Облыстық ішкі саясат басқармасы ұйымдастырған ән шеруге қала тұрғындары да белсене қатысты. Тұрғындардың айтуынша, мереке күндері қоғамдық орындарда, көшелер мен сауда үйінде осы тәрізді іс-шаралар жиі өткені көңіл-күйді жадыратып, рухты көтереді. Тұрғындар әншілермен бірге ән шырқады. Хор ұжымы шеру соңын Әнұранмен аяқтады.

А.АЛТЫБАЕВА

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button