Ақтөбе облысының әкімі: нормативтік жағдайдағы жергілікті маңызы бар автожолдардың үлесі 78%-ға жетті
Асхат Шахаровтың айтуынша, жергілікті маңызы бар жолдардың сапасын арттыруға биыл 64,5 млрд теңгеге 193 жобаны іске асыру көзделді. Жалпы, бүгінде өңірде 500 шақырымнан астам жол жабындысы төселді. Облыс орталығы Ақтөбе қаласында 200-ден астам немесе 47 шақырым көше нормативтік жағдайға келтірілді.
«Халықаралық Самара-Шымкент автожолының «Ақтөбе-Хромтау» бағыты бойынша министрлікпен бірге үлкен жұмыс атқарылып жатыр Қазіргі таңда 2 учаскеге бөлдік. Бүгінде, 2-учаскеде құрылыс-монтаждау жұмысын бастадық. Жақын арада тендерлік конкурс өткеннен кейін бірінші учаске басталады. Жалпы 4 жолақты болады», – деді спикер ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында.
Сонымен қатар, «Ақтөбе-Қандыағаш» жолы аяқталды, республикалық маңызы бар жолдар ауыспалы, бұл жұмыстар келесі жылы жалғасады.