Денсаулық

Менингококк инфекциясының алдын алу 

Маман кеңесі

Менингококк инфекциясы — назофарингит (мұрын мен жұтқыншақтың қабынуы), менингит (ми қабықтарының қабынуы) және менингококк сепсисі (қанның зарарлануы) секілді түрлі клиникалық белгілері бар бактерияларды қоздыратын жіті жұқпалы ауру түрі. Менингококк инфекциясының инкубациялық кезеңі күнтізбелік екі күннен он күнге дейін, көбіне екі-төрт күнге созылады. Инфекцияның алғашқы белгілері тұмау, ангина, тонзиллит сияқты ауру қоздырғыштары арқылы жеңіл түрде пайда болуы мүмкін. Науқастың бойында 3-5 күн бойы орташа қызу көтерілу белгілері байқалуы мүмкін. Аурудың қоздырғыштары мұрын-жұтқыншақ шырышын бактериологиялық зерттеу арқылы анықталады.

Менингит қалтырау мен безгектен, қатты бас ауруы мен құсудан басталады. Науқастарда фотофобия дамиды, соданкейінқозу мен қозғалысмазасыздығы, сананыңбұзылуы, менингиальдыбелгілер байқалады. Ауырған адам шөлдеп,тамаққа тәбеті төмендейді.

Менингококцемия (менингококкты сепсис) науқастарда көбіне назофарингиттен жіті басталады. Дене температурасы 40 °С дейін және одан жоғары көтеріледі, улану симптомдары айқын көрінеді. Денеде, аяқ-қолдарда, бөкседе ауру басталғаннан 12-48 сағаттан кейін геморрагиялық бөртпе пайда болады. Бөртпе элементтері әртүрлі түрде болар-болмас байқалатын петехиядан үстіңгі бетке шығып тұратын қып-қызыл түсті теріге ірі қан құйылуға дейін болады. Қан құйылу ортасында некроз белгілері байқалады. Менингококцемия кезінде дене температурасы 40-41 °С дейін көтеріліп, инфекциялық-уытты шок дамуына қарай жылдам төмендейді. Демікпе, тахикардия артады, артериялық қысым төмендейді. Ауру басталғаннан 6-48 сағаттан кейін аурудың алдын алу шаралары жүргізілмесе, науқас өліп кетуі мүмкін. Биыл Ақтөбеде менингококк инфекциясының 5 жағдайы тіркелді. Науқастар арасында 4 жастан 14 жасқа дейінгі балалар да бар.

2024 жылдың 10 айында Ақтөбе қаласында менингококк инфекциясын жұқтырған 5 адам тіркелді, оның төртеуі — 14 жасқа дейінгі балалар. 2023 жылдың 10 айында Ақтөбе қаласында менингококк инфекциясының 1 жағдайы тіркелген.

 Нұрбақыт ЖҰМАҒАЛИЕВА,

қалалық санитариялық-эпидемиологиялық

бақылау басқармасының бас маманы.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button