Мәдениет

«Шырқа, сырнай!»

Фестиваль

Қурайлы мәдениет үйінің ұйымдастыруымен мәдениет қайраткері, «Арайлы Ақтөбе» ансамблінің негізін қалаған сырнайшы, әнші Геннадий Шульганы еске алуға арналған «Шырқа, сырнай!» атты фестиваль өтті. Оған сырнайшылар мен мәдениет үйінің өнерпаздары қатысты.

Геннадий Шульга 1937 жылы 16 ақпанда Ырғыз ауданында дүниеге келген. Еңбек жолын Ырғыз аудандық мәдениет үйінен бастап, біраз жыл Ғазиза Жұбанова атындағы облыстық филармонияда әнші-вокалист қызметін атқарды. Сырнайшылар курсын бітірген ол көптеген байқауларда топ жарды. Салтанатты іс-шараға мәдениет қайраткері Рахия Омарова қатысып, әншінің музыкалық мұрасы туралы әңгіме өрбітті. Фестивальге  әртүрлі жастағы 15 сырнайшы қатысып, Геннадий Шульганың репертуарындағы әндерді орындады. Фестиваль қатысушыларына арнайы статуэткалар мен дипломдар табысталды, —  дейді Қурайлы мәдениет үйінің шығармашылық бөлім меңгерушісі Лиза Қуанышбекқызы.

Фестивальге алғаш қатысқан Нұртай Қайыржанұлы көрерменнің сырнаймен, домбырамен айтылған әндерді жылы қабылдағанын жеткізді:

Геннадий Шульганың мұрасын насихаттауға бағытталған фестивальде  сырнайшының репертуарындағы «Маусымжан» әнін ансамбльдің сүйемелдеуімен орындадым. Одан бөлек Бауыржан Өскембаевтың сөзіне жазылған «Ана» әнін айттым. Қазақ әндерін насихаттауға бағытталған осындай кештер жалғасын таба берсін. Барша  ұйымдастырушыларға алғысым шексіз, — дейді фестиваль қатысушысы.

 Ақмарал МҰҚАШЕВА.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button