Пікір

Жаңа мүмкіндіктерге жол ашады

Гүлнар СЕЙТАЛИНА,
С.Жиенбаев атындағы облыстық кітапхананың директоры.

Бүгін елімізге Ресей Президенті Владимир Путиннің мемлекеттік іссапармен келді. Бұл оқиғадан өз басым үлкен оң өзгерістер күтемін…
Бұрыннан көршілес халықтың ел басшысының қазақ жеріне табан тіреуі – ең әуелі берік достықтың, мызғымас әріптестіктіктің көрінісі болса керек.
Екі ел әртүрлі салаларда ұзақ уақытқа созылған және табысты ынтымақтастық тәжірибесіне ие. В.Путиннің сапары мемлекетаралық қарым-қатынастарға жаңа серпін беріп, достық пен өзара тиімді әріптестікті одан әрі нығайтуға мүмкіндік береді. Бұл ЕАЭО, ҰҚШҰ және ШЫҰ сияқты ұйымдар аясында ауқымды көпжақты талқылауларды бастауға да даңғыл жол іспеттес. Екі елдің халықаралық аренадағы ұстанымдарын күшейтуге, арадағы алыс-беріс, барыс-келістің артуына да бұның септігі зор. Сондықтан геосаяси ахуал күрделі уақытта бұндай сапардың қай жағынан да берері мол. Кездесулер барысында жаһандық мәселелер – климаттың өзгеруі және тұрақты даму жайы да сөз етіледі деп күтілуде. Ендеше, мемлекеттік ресми сапар жақсылыққа бастайтын қадам екеніне бек сенейік.

 

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button