Тиімді әріптестік және жаңа серпін
Раиса БАЙЛИЕВА,
Ақтөбе қалалық мәслихатының депутаты.
— Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путиннің елімізге сапары туралы бұқаралық ақпарат құралдары мен әлеуметтік жілілерден естіп, біліп отырмын. Жалпы екі ел бұрыннан әртүрлі салаларда ұзақ уақытқа созылған және табысты ынтымақтастық тәжірибесіне ие. Ресей Президентінің сапары мемлекетаралық қарым-қатынастарға жаңа серпін беріп, достық пен өзара тиімді әріптестік рухындағы ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға мүмкіндік бермек.
Бүгінде Қазақстан мен Ресей арасында тығыз экономикалық байланыстар бар. Ең бастысы — Қазақстан геосаяси тұрғыдан Ресей үшін маңызды рөл атқарады, оның ішінде транзиттік маршруттарды пайдалану арқылы көрші елдің энергетикалық және сауда тәуелсіздігін арттыруда да ерекше маңызға ие.