Пікір

ЫНТЫМАҚТАСТЫҚТЫ ОДАН ӘРІ НЫҒАЙТУҒА МҮМКІНДІК БЕРЕДІ

Айгүл Дүйсенова,
облыстық мәслихаттың әлеуметтік-мәдени даму, заңдылық, құқықтық тәртіп және жұртшылықпен жұмыс жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасы.

Ресей президенті Владимир Путиннің Қазақстанға мемлекеттік сапары барысында нақты мәселелер талқыланбақ. Жалпы президенттердің мемлекеттік сапары елдер арасындағы екіжақты қатынастардың маңыздылығын көрсетеді және қабылдаушы елдің құрметінің символы болып табылады. Мұндай сапар тек мемлекет басшысымен жүзеге асырылады және әдетте оның қызмет мерзімінде бір-ақ рет өткізіледі екен. В.Путиннің Қазақстанға соңғы осындай сапары 2015 жылы, яғни 9 жыл бұрын болған. Демек, бұл жолғы сапардың да жауапкершілік жүгі жоғары екені айтпаса да түсінікті.
Бұл сапардың маңызы неде? Біріншіден, бұл сапар екі ел арасындағы ынтымақтастық пен өзара тиімді қатынастарды нығайта түсуге мүмкіндік береді.
Екіншіден, өңірдегі геосаяси жағдайды ескере отырып, қауіпсіздік, терроризмге қарсы күрес және басқа да мәселелер бойынша ынтымақтастық өзекті екенін ескерсек, бұл сапар барысында айқын Орталық Азиядағы қауіпсіздік мәселелері талқылануы мүмкін. Мемлекет басшыларының кездесуі көрші елдер арасындағы достық қатынастарды нығайту саясатының көрсеткіші екені белгілі. Демек, бұл сапар мемлекетаралық қарым-қатынастарға жаңа серпін беріп, достық пен өзара тиімді әріптестік рухындағы ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға мүмкіндік береді деп айтуға болады.

 

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button