Жаңалықтар

Ақтөбеде «Өрт қауіпсіздігі» акциясы ұйымдастырылды

Акция аясында тұрғын үй секторындағы үйлерге рейд жүргізілді.

Рейд барысында азаматтық қорғау органдарының қызметкерлері, ЖАО, облыстық және қалалық депутаттар, волонтерлік ұйым, тұрғын үй инспекциясы, полиция қызметкерлері, «Энергосистема» ЖШС, «ҚазТрансГазАймақ» АО және қоғам белсенділерімен бірлесіп, тұрғын үй секторында 800 жеке үйді, 5 бау-бақша ұжымын, 80 барак үй мен жатақхананы аралап, 50 көпбалалы отбасының үйіне барды.

Сондай-ақ, 1100 QR коды бар жадынама таратылып, 20  алғашқы өрт сөндіргіш пен 200 автономды датчиктер тегін таратылды. Сонымен қатар, 60 үйдің мұржасы мен айналасындағы қоқыс тазартылды.

Тақырыптық күннің мақсаты – тұрғындардың өрттің пайда болу себептері туралы білімдерін тереңдету және жүйелеу, өрт кезіндегі тәртіп ережелерін бекіту.

Төтенше жағдайлар департаменті өрт кезінде 101, 112 нөміріне қоңырау шалу керектігін еске салады.

Д.АЙДАР.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button