Заң мен тәртіп
Заң мен тәртіп: “Құқықтық көмек” жобасы аясында Ақтөбеде азаматтарды көшпелі қабылдау жүргізілді
Ақтөбеде “Құқықтық көмек” жобасы аясында азаматтарды көшпелі қабылдау өтті. Қаладағы құрылыс гипермаркеттерінің бірінде ақтөбеліктер тұрғынүй және әлеуметтік мәселелер бойынша кеңес алуға мүмкіндік алды. Тұрғындарға қалалық әкімдіктің жұмыспен қамту, тұрғынүй қатынастары бөлімдерінің басшылары, сондай-ақ “Отбасы банкінің” өкілдері, заңгерлер мен депутаттар кеңес берді.
Айта кетейік, жыл басынан беріөңірде “AMANAT” партиясының облыстық филиалымен 80-нен астам азаматтарды қабылдау өткізілді, оның 14-і облыс орталығында болды.
Мұндай қабылдаулар ай сайын ұйымдастырылып тұрады. Қабылдау аясында құжат рәсімдеу мен заңгерлік көмек тегін жүргізіледі.