Пікір

Екі елдің өзара татулығынан артық ештеңе жоқ

Әлібек Бақбергенов,
Аққұдық ауылдық округінің әкімі,
Мәртөк ауданы.

Бүгін елімізге мемлекеттік сапармен Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путин келді. Бұл сапар екі ел арасындағы ынтымақтастық пен өзара тиімді қатынастарды тереңдетуге мүмкіндік береді деп ойлаймын. Қашан да екі ел арасындағы достық пен ынтымақтастық, экономикалық келісімдер өзгелерге үлгі болып келеді. Біз үшін екі мемлекеттің достастығының маңыздылығы зор.
Мәртөк ауданы Аққұдық ауылдық округіне қарасты Вознесеновка, Жаңажол, Қарабұлақ ауылдары Ресей Федерациясымен шектесіп жатыр. Бұл ауылдардың көрші елмен шектесіп жатқан жерінің жалпы ұзындығы — 55 шақырым. Бүгінде округ халқының 60 пайызы өзге ұлттар болса, 40 пайызы — қазақтар. Соған қарамастан барлық тұрғын тату-тәтті ғұмыр кешіп жатыр. Ауыл халқының дені мал шаруашылығымен айналысады. Тұрғындар шектесіп жатқан көрші елге де сапар шегіп жатады.
Біз үшін екі елдің өзара татулығы мен ауызбіршілігінен артық ештеңе жоқ. Қазақ қашан да «Көршіңмен тату бол» дейді. Демек, Ресей Президентінің елімізге сапары бұл екі мемлекет арасындағы ынтымақтастықты одан әрі нығайтып, экономикамыздың дамуына тың серпін береді.

 

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button